Телеканал Білім және Мәдениет

+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«Білім және Мәдениет» телеарнасы әлеуетті және шығармашыл серіктестерін бірге қызмет етуге шақырады!

  • Жұма, Шілде 10 2015
Сіз телеарна ұжымына қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдерге арналған озық идеялар ұсынғыңыз келе ме? Онда шығармашылық жұмыстарыңызды «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның көркемдік кеңесіне жіберуге асығыңыз!
Телеарна тарих, мәдениет, этнография, өнер, әдебиет және т.б. тақырыптардағы жанрларды көздейді:
1) Деректі фильмдер
2) Мәдени-танымдық бағдарламалар
3) Көркемдік-қойылымдық жобалар
4) Ақпараттық-танымдық бағдарламалар
5) Музыкалық бағдарламалар
Ұсынылатын жұмыстар төмендегі шарттарға сәйкес болуы тиіс:
1) Жобаның толық мазмұнын (мақсаты мен міндеттері, жанры, хронометражы, көзделген аудиториясы);
2) Кеңейтілген сценарийін;
3) Құжаттар жиынтығын;
4) Шығармашылық ұжым жайында толыққанды ақпаратты (бағдарлама жүргізушісі, продюсері, режиссері, сценарист, редакторлары);
5) Телевизиялық бағдарламаның сынамалы жобасын (көркемдік кеңес мүшелерінің талабы бойынша) қамтуы тиіс;
6) Ілеспе хат.
Ұсыныс-жобаларыңызды мына мекенжайға жібере аласыздар: Астана қаласы, Сарыарқа көшесі 30, «Хабар» Агенттігі» АҚ немесе bm@khabar.kz электронды поштасына хат жолдауға болады.
Егер ұсынылған жобалар мен ойларыңыз көңілден шықса, «Білім және Мәдениет» арнасының өкілдері сізбен міндетті түрде байланысқа шығады!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау





Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз