+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазақ опера өнерінің жауһары

  • 28.02.2015

Қазақ сахнасында жарқ етіп көрінген өміршең туынды – Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы. Ол – бірден көзге түсіп, дуалы ауызды мамандардың жылы лебізіне ие болған шығарма.Әйгілі композитор Тихон Хренников: «Әсірелеп айтты демеңдер, Мұқанның бұл операсы тек қазақ музыкасының жұлдызы ғана емес, бұл опера Мәскеу, Париж, Вена сияқты музыка сахнасының көркі болар еді», - деп баға берген.

М. Төлебаев  шығар­машылығын зерттеушілер операны қарабайыр тілмен емес, әлемдік деңгейдегі вокалдық ерекшеліктерді сақтай отырып, классикалық әуен тілімен жазыл­ғанына назар аударған.

 

Аталмыш туындыда екі ақынның айтысы ғана емес, сол кездегі қоғамдық өмір, әлеуметтік тартыс кеңінен көрсетіледі.1946 жылы алғаш Қазақ опера және балет театрында шымылдығын түрген туынды махаббатың әнұранына айналдады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Ғажайып туынды»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз