+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазақ поэзиясының жампозы

  • 01.05.2015

«Тұманбай Молдағалиев қазақ жырындағы лирикалық поэманың хас шеберлерінің бірі немесе бірегейі. ...Саясаттың салқын қабағы жібіп, темір тізгін сәл босаған сәтте жас Тұманбай көптің көкейіндегі көптен күткен арманның нәзік сырын дәл баса білді. Оның тоңды жарып шыққан бәйшешектей қарымды жырлары шынында да өлең өлкесіне көктем шуағын алып келген құбылыс болды», - деп жазды ақын Несіпбек Айтұлы.

Басылым беттеріне берген сұхбаттарының бірінде:  «...Әлем ән салып тұрады. Сол әнге құлағын үйреткен, сол әнге жүрегімен берілген, жұртының жанынан жақсылық қана іздеген ағаң мен боламын, қарағым», - дегендей, ақын қазақ әншілерінің орындауындағы әндердің басым көпшілігіне сөз жазған. Қазақ музыкасының дүлдүлдері Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов сияқты сазгерлермен шығармашылық байланыста болып, талай әндердің дүниеге келуіне ықпал етті.

Бағдарлама қазақтың лирик ақыны Тұманбай Молдағалиевтің поэзиясына арналады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Әдебиет әлемі»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз