+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Отан соғысы туралы ең үздік Кеңестік фильмдер

  • Жұма, Мамыр 08 2015

Отан туралы түсірілген Кеңестік телестудиялардың кино өндірісінде өзіндік қолтаңбасы бар. Оны әлбетте, АҚШ-тың  Вьетнамға  салған ылаңымен салыстыруға болмайды. Америкалық фильмдерде соғыстың  қасіреті көбірек баяндалатын болса, Кеңестік телетуындылар ерлікті, отаншылдықты жырлап, ерекше көзге түсті.

 

«Тырна, тырна, тырналар»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 91 минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1964 жыл               

ЖАНРЫ: көркем фильм              

РЕЖИССЕРІ: Леонид  Менакер   

Оқиға желісі Германия жерінде 1942 жылы 22 маусымда өрбиді. Неміс әскері танкілерге тегеурінді қарсылық көрсету үшін Қызыл әскердің  қоршауда қалып, тұтқынға алынған әскерилерімен қосып, ауыр техникаларын  алғы шепке жібереді. «Өлімге бас  тіккен экипаж» атауын алған әскерилер тұтқындар құрамынан жасақталады. Айтулы фильмде осы экипаждан бөлініп шығып, ауыр техниканы тізгіндеудің сан тәсілін үйренген Иваннның жанқиярлық еңбегі баяндалады.

 

«Көктегі көңіл ұшағы»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 83 минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1945 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Семен Тимошенко

Соғыста  бір-бірінен ажырамастай дос болған үш жауынгер бейбітшілік орнағанша қыздарға ғашық болмауға серт байласады. Алайда, жүрегін сезім билеген бір жігіт уәдені ұмытып, көрікті қызға көңілі ауады. Қан майданда жарақат алған Булочкин амалсыздан жәй ұшатын қыздардың авиация полкіне ауысады. Сол сәттен бастап жауынгер сезімге ерік бере бастайды...

 

«Бажайлап қарап, пайымда!»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 101 минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1976 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Алексей Герман

Оқиға желісіне А. Адамовичтің «Хатынская повесть» жазбаларының негізінде, документалдық деректер негіз болған. Фильм  халықтың қасіреті болған жерде түсірілген. Флера есімді бүлдіршін соғыстың қасіретін естігені болмаса, бейбітшілік заманында туған балақай. Алайда, 16 жасқа толған жасөспірім ескі майдан даласынан қалған окоптарды қазып, жаны түршігеді. Ескі қарулармен қоса, оққа ұшқан сарбаздардың бас киімдерін табады. Азаптанып өлтірілген сарбаздардың ажалын елестеткен бозбала тез есейеді. Жаны түңілген жігіттің беті әжімденіп, іштей арпалысады.

 

«Майдансыз 20 күн»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 101 минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1976  жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Алексей Герман

1942 жылдың соңы.  Майдан тілшісі Лопатин Сталинградта көрсеткен ерлігі үшін  20 күн еңбек демалысын алып  Ташкентке  келеді. Жарылыстан  көз  ашпаған  жауынгер үшін тыныштықтың өзі таңсық көрінеді. Алайда, жүдеп-жадаған ел, ескі үйлер, майдан даласынан келген суыт хабар, нан үшін берілген карточка сарбаз үшін сүреңсіз сурет болып көрінеді.

 

«Иванның балалық шағы»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 101 минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1962  жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Андрей Тарковский

12 жасар Иван үшін балалық шақ анасы мен қарындасын неміс басқыншылары көзінше атқан күні кілт тоқтайды. Әкесі майдан даласында қаза тапқан. Жетімдіктің азабын көп тартқан жасөспірім  әскер қатарына алынады. Барлаушылар қатарына қосылып, өз кәсібінің әккі маманы болады. Ол Отаны  үшін керекті мәліметті нақтылау үшін басын қауіпке тігеді.  Алайда, сұм соғыс оған да ажал құштырды.

 

«Жас  гвардия»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 187 минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1948  жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Сергей Герасимов

Фильмде 1942 жылғы Краснодон қаласының қоршауында болған азапты күндер суреттеледі. Мектеп бітірмеген жасөспірімдер ауызбірлік танытып, тұтқынға түскен Кеңес сарбаздарын босатып, неміс биржаларын өртке орайды. Көшелерге қызыл тулар іліп неміс басқыншыларының жүйкесін жұқартады. Кеше ғана көше кезген ойын балалары соғыстың соқпағынан тез ес жинайды. 

 

«Әккі ұшқыштың асуы»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 78 минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1967 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Наум Бирман

Кеше ғана студенттер сапында жүрген үш жігіт майдан ұшқыштардың қатарына қосылады. Ұшу алаңына консерві қауашақтарын қойып, әскерилерлің жұмысын жеңілдетіп, жағдай жасайды. Олар сол жерде қорғансыз қызға қолдау білдіріп, қолғабыс жасайды. 

 

«Жолдағы сын»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 97  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1971 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Алексей Герман 

1942 жылдың қысы. Ресейдің солтүстік-батысындағы облыстардың бірінде  Иван Локотков бастаған партизандар отряды жұмыс істей бастайды. Алайда, осыншама жауынгерлерді ұстап тұру оңай болмады. Өртенген үйлер мен қираған ғимараттар арасынан тойып ішер азық табу ең қиын мәселе еді. Локотков  теміржол станциясы басында неміс басқыншыларының  азық-түлік поезын тонауға шешім қабылдайды. Бірақ, партизандар ол операцияны бастауды екі ортада сатқындық жасап жүрген Лазерев деген полицейге тапсырады. Осы жерден партизандар опық жей бастайды. 

 

«Қан майдан ешкімді кешірмейді»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 90  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1969 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Виктор Трегубович

Әртүрлі жастағы адамдардын құралған партизан отряды тектес  құрам құрылып, оған әскери училищені жақында бітірген лейтенант жетекшілік жасай бастайды. Фильмнің желісінде олардың өмірі, кәсіби біліктіліктері мен күнділікті тіршіліктері туралы айтылады. 

 

«Ашық аспан»         

ҰЗАҚТЫҒЫ: 104  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1961 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Григорий Чухрай

Кеңес Одағының батыры сынақшы-ұшқыш Астахов соғыс кезеңінде тұтқынға түседі. Қан майданнан оралған жауынгерді бейбітшілік заманда да азап тосып тұрды. Оны партиядан шығарып,  мемлекеттік марапаттарын кейін қайтарып,  жұмыссыз қалдырады. Ұзақ жылдар өзінің кәсібі бойынша жұмыс таба алмай сенделеді. Астахов ақыр аяғы ішімдікке салынып бара жатқанында жарына деген сезімі ғана оны тұңғиықтан алып шығады. 

 

«Күннің көкжиегі»

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1976   жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Лариса Шепитько

 

«Сарбаз әкесі»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 87  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1964 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Резо Чхеидзе

Фильмнің  желісінде соғыс шебінде жүрген балаларын сағынған Георгий Махарашвилидің өмірі баяндалады. Грузияда жүзім егетін егде тартқан Георгий балаларын көруге жолға шығады. Іздеп барса ауруханаға түскен баласы сауығып, қайтадан қаруын асынып, майдан даласына кеткен. Әкесі де сөйтіп жүріп әскерилер қатарына қосылып, Берлинге дейінгі жорықтың бәріне қатысады. 

 

«Олар Отан үшін жан қиды»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 160  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1975 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Сергей Бондарчук

1942 жыл. Маусым. Сталинградты қорғауға жанталасып жатқан Кеңес әскерінің аянышты хәлі  суреттеледі. Неміс басқыншыларының танкімен жасаған ауыр соққысы, шаң астынан шығып жатқан сарбаздар сол кездегі көріністі дәл суреттейді. Сөйте тұра, Кеңес әскерінің қатарындағы қарапайым сарбаздар жаны шыққанша күресіп, адамның ерекше төзімділігін көрсетеді. 

 

«Солдат туралы баллада»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 89  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1959 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Григорий Чухрай

Отан соғысы. Алеша Скворцов есімді жас жауынгер немістің екі танкісіның көзін жойып, ерлік көрсетеді. Әскер басшылығы оны марапатқа ұсынған кезде, Алеша оған демалыс беруді ұсынады. Алайда ауылына барған перзенті анасының орнын сипап қалады. 

 

«Адам тағдыры»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 97  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1959 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Сергей Бондарчук

Бұл фильмде  тағдыры тәлкек  түскен орыс солдатының  өмірі туралы айтылады. Ол осы соғыс деген алапаттың залалынан отбасынан, үйінен айырылады. Тұтқынға түсіп, онда да азап шегеді. Алайда, рухы мен тіңінің мықтылығынан бордай үгіліп кетпей, адамдық келбетін сақтап қалады. 

 «Тырналар ұшқанда»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 97  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1957 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Михаил Калатозов

Бұл фильмде тағдырын соғыс жалмаған жауынгерлер жайында айтылады. Олардың көбісінің шаңырағы ортасына түсті, еңсесін көтере алмай еңкілдеген жауынгерлер де болды. Телетуындыда бір біріне қосыла алмай кеткен қос ғашықтың тағдыры туралы айтылады.  

 

 «Таңғы шапақ»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 160  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ:  1972 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Станислав Ростоцкий

Бұл телетуындыда  қыздардан құралған зенитшілер тобы неміс басқыншылармен тең дәрежеде соғыса алмай, әбден әбігерге түседі. Нәзік қыздар жарылған снарядтардың жарылысынан құтылуды армандап, ана болу бақытын қиялдайды. Отбасының жылуы, нәзік сезімнің сергелдеңін іздейді.

 

«Көктемнің он жеті сәті»

ҰЗАҚТЫҒЫ: 69  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1969 - 1972 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Татьяна Лиознова 

Фильм желісі Жеңіс мерекесі жақындай түскен кезде Германияда түсіріледі. Кеңес әскерінің барлаушысы полковник Исаев немістер жағына өтіп, штандартенфюрер СС Штирлиц Мәскеуден берілген барлық тапсырманы мүлтіксіз орындайды. 

 

«Майданға тек шалдар аттанады»   

ҰЗАҚТЫҒЫ: 87  минут

ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ: 1973 жыл

ЖАНРЫ: көркем фильм

РЕЖИССЕРІ: Леонид Быков

Бұл фильмде Титаренко деген капитан өзіне қарасты эскадрильяға жас ұшқыштарды жинайды.  Жас сарбаздарға әдепкіде ұшақтың қыр-сырын үйрету өте қиынға соғады. Алайда, Отанын қорғауға келген жігіттер аз уақытта ұшақты игеріп алады. Олардың алғашқы жеңісі, ұжымдағы қайғысы әдемі суреттеледі.

 

www.supercoolpics.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
2906





Пікір қалдырыңыз