+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Эксклюзив! Ерлігі еленбеген ерлер

  • Жұма, Мамыр 08 2015

Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында «Білім және Мәдениет» телеарнасы «Ерлігі еленбеген ерлер» фоторепортажын назарларыңызға ұсынады. Мұнда «Кеңес Одағының батыры» атағына ұсынылып, шешім шықса да, мерейлі марапаттан құр қалған 8 қарт жауынгерлер тізімі көрсетілген. Қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы осы бағытта тыңғылықты зерттеу жүргізіп, ерлігі еленбеген ерлерді бір кітапқа енгізген болатын.

 

1. Жұмаш Рахметов – 1919 жылы туылып, 1943 жылы 23 ақпанда қаза болған. Танк командирі Жұмаш Рахметов Брянск майданында барлауда жүріп, немістің танкілерді тоқтаусыз ататын 17 оқ қаруын, 2 пушкасын, 110 неміс солдатынының көзін жойған.

Жұмаш Рахметовке 1943 жылы 9 ақпанда «Кеңес Одағының батыры» атағы ұсынылды.

 

 

 

2. Балтабек Жетпісбаев – 1907 жылы туылып, 1942 жылы 23 шілдеде қаза болған. Неміс басқыншылары шағын құрамдағы Кеңес әскерін 60 танкімен атқылаған. Осы жерде Балтабек немістің бірнеше ауыр техникасына гранатаны дәл тигізіп, отқа ораған. Табанды қарсылықтан неміс әскері 3 күн Волоколамскіге шабуыл жасай алмай тұрып қалды. Бірнеше танкті ержүрек жауынгер тұтқынға алып, маңызды құжаттарды тәркіледі.

Балтабек Жетпісбаев 1942 жылы 23 шілдеде қайтыс болғаннан кейін «Кеңес Одағының батыры» атағына ұсынылған.

 

 

 

 

3. Ибраим Сүлейменов – 1908 жылы туылып, 1943 жылы 9 шілдеде қаза болған. Құралайды көзге ататын сұрмерген Отан үшін шайқаста 239 неміс офицері мен сарбазын оққа ұшырған.

Ибраим Сүлейменов 1943 жылы 9 шілдеде қайтыс болғаннан кейін «Кеңес Одағының батыры» атағына ұсынылған.

 

 

 

 

4. Қасым Ахметов – 1917 жылы туылып, 1943 жылы 30 желтоқсанда қаза болған. Взвод командирі әскери шеніне дейін жоғарылаған Қасым немістермен тірескен Кеңес әскерін рухтандыру үшін «Отан үшін» деп әскерді бірінші бастап жауға қарсы алып шыққан.

Қасым Ахметов 1943 жылы 30 желтоқсанда қайтыс болғаннан кейін «Кеңес Одағының батыры» атағына ұсынылған.

 

 

 

 

5. Төлеуғали Әбдібеков – 1916 жылы туылып, 1944 жылы 10 наурызда қаза болған. Құралайды көзге атқан снайпер 25 неміс сарбазының қоршауында

қалып, бәрін оққа ұшырып, бір өзі аман шығады. 1943 жылдың соңына дейін 397 неміс солдатын жер жастандырады.

Төлеуғали Әбдібеков қайтыс болғаннан кейін, 1944 жылы 21 наурызда «Кеңес Одағының батыры» атағына ұсынылған.

 

 

 

 

6. Сембай Қалиев – 1916 жылы туылып, 1945 жылы 11 қаңтарда қайтыс болған. Қарт жауынгер майданда артиллерист болып жүріп немістің 36 танкісін, 23 бронотранспортерін күлін көкке ұшырған. Сембай Қалиев қайтыс болғаннан кейін, 1945 жылы 10 мартта «Кеңес Одағының батыры» атағына ұсынылған.

 

 

 

 

7. Әбен Ахметов – 1916 жылы туылып, 1976 жылы қайтыс болған. Соғыста Әбен Ахметов неміс басқыншыларының 19 пулеметін істен шығарып, 280 сарбазды жер жастандырды.

Әбен Ахметов 1945 жылы 16 наурызда «Кеңес Одағының батыры» атағына ұсынылғанымен, іс жүзінде марапаттан тыс қалды.

 

 

 

 

8. Аманша Меңдіғалиев – 1918 жылы туылып, 1945 жылы 30 сәуірде қайтыс болған. Соғыс техникасын мықты меңгерген Аманша Меңдіғалиев Мәскеу түбіндегі айқаста әскерилерін аман сақтап қалу мен жауға тегеурінді шабуыл жасауды ұйымдастырып көзге түсті. Рота, взвод командирі қызметтерін мінсіз атқарып, көптеген медальдермен марапатталды.

Әбен Ахметов 1945 жылы 30 сәуірде «Кеңес Одағының батыры» атағына ұсынылғанымен, іс жүзінде марапаттан тыс қалды.

 

 

 

 

Ақпарат "Забытые герои. Герои Советского Союза" жобасының жетекшісі Б. Әбдіғалиұлының көмегімен дайындалды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
3267





Пікір қалдырыңыз