+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БАЛА БАУЫР БАСПАСА....

  • 12.05.2015

 

Соңғы кезде бір байқайтыным, әсіресе қалалық жерде ағайын-туыстың той-домалағына балалары әке-шешелерін апарып өздері босағадан қайтады. Немересін ертіп, «осы бала туыстарын танысын» дейтін де қарт қатары сиреді. Көптеген жастың «туыстың тойына бару тек шал-кемпірдің шаруасы» дейтін түйсігі өсіп келе жатқан туыс балалардың  жақын араласуына сына қақты. Сосын арада 10-15 жыл өткенде сериіп, сериіп өсіп кеткен жасөспірімдерді байлап бақсаң да бір-бірін жатырқап тұрады. Себебі, ортақ балалық шақ, естелік бір-бірін бауыр тартатын ортақ құндылық болмаған. Бұл қазақтың  болашақ үлкен қасіреті болмақ.  Бұрын әжелер қара табан немерелерін тойдан қалдырмайтын. Мәселе, ішті-жегенде емес, бір кесе сүтке талқан езіп беріп, төрт-бес кәмпит ұстатып, «бар туыстарыңмен ойна» дейтін. Араласудың әліппесі сол ойыннан басталушы еді. Бексұлтан Нұржекеевтің  «атам тойға ертіп апаратын» деп балалығына байланысты айтқан естелігі  осы ойға түрткі болды. Түсінемін, қаланың тұрмысы ауылдан мүлде бөлек. Мейрамханада санаулы орын, пәтер ықшам. Алайда, бала бауыр баспаса, туыстықтың да тіні үзіле бастайды.    

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Тағдырластар»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз