+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Құдай-ай, қазақтың құшағы неге қатты?!

  • Бейсенбі, Мамыр 21 2015

Жасындай жарқ етіп, көзден ғайып болған Оразалы Досбосыновты қара сөздің қадірін білген әрбір қазақ таниды. Сөзге келгенде жорғадай тарпитын, кез келген бәйгеде Құлмамбеттің құлыны қамшы салдырмай, мәре сызығын бірінші қиятын. Тамсандық, таң қалдық, ақындардың ірісі, қара сөздің пірі деп аузымыздың сілекейі құрып, жата келіп мақтадық. Тіл өтті ме? Көз өтті ме? Қазақтың неге құшағы қатты?! Маймыл баласын өбектеп, жақсы көргеннен, қатты құшып, құшақтап байқаусызда өлтіріп алады екен. Неге бізде сол қайталана береді? Бекзат Саттарханов жол апатынан үзілді дегенді естігенде бокстан Италия құрамасының жаттықтырушысы Римнің көшесінде «Қазақ қалай сақтай алмады бекзада Бекзатын» деп көзі бұлау-бұлау еңіреп жылап жүріпті дейді. «Өмірі өзгенікі, өлімі өзінікі» болған Батырхан да кетті құшағыңнан суырылып. Енді отырмыз, қаралы концерт, еске алу кешін өткізіп, ескі суреттерін парақтап! Өкінішті, әрине...

 

 

1. «Көп ішінде бір жалғыз....»

 

 

2. Қарсыласымен лақтай тірескен, ортекедей ойнақшыған бала Ораздың бал дәурені!

 

 

3. Қолын беліне таянғысы келген жасөспірім Ораздың тұрысында мән бар!

 

 

4. Шынашақтай баладан ақындардың бапкері Алатаудай шыңды көрді!

 

 

5. Махаббат бағы ғой екеудің.......

 

 

6. Отбасы, ошақ қасы....

 

 

7. Ораздан қалған қос жанар... Нұрсұлтан мен Нұрайша!

 

 

8. Сағындым мен сені!

 

 

9. Тұқымы тектінің тұрысы оқшау

 

10. Жол апаты Ажарды да жалмады!Қалмады ешкім, қалмады!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
4223





Пікір қалдырыңыз