+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Аукционда қандай кинореквизит сатылды?

  • Дүйсенбі, Мамыр 25 2015

«Тақ тайталасы» («Игра престолов») фильмінде түсірілген айдаһар жұмыртқасы адам сенгісіз қомақты қаржыға сатылып кетті. Осы жаңалықты телеарналар апта бойы үздіксіз эфирден беріп жатты. Lenta.ru ақпарат

агенттігі  фильм үшін түсірілген дүниелердің бір сәтте құнды жәдігерге айналып жатқанын оқырмандарына мәлім етті.

 

Әлемдегі ең қымбат кино түсірілімінің жәдігері 

 

Әлемдегі ең қымбат кино түсірілімінің жәдігері атақты әнші Мэрилин Монроның киген көйлегі болып отыр («Зуд седьмого года»). Ол аукционда— 4,6 миллион АҚШ долларына сатылып кетті. Әрине, атақты әншінің көйлегіндей балама жасауға көптеген тігіншілер атсалысты. Дегенмен, Мэрилиннің өзі киген тарихи көйлектің көпшілік арасында қызығушылық тудырып отырғаны жасырын емес.

 

Ұшатын көліктің бағасы – 805 000 доллар

 

60 сериалдан тұратын комедиялық фильм ұшатын көліктің бағасы да аукционда шарықтап ұшып кетті. Ол 805 мың АҚШ долларына сатылды. Ендігі қызық, Ресейдің «Қара найзағай» фильміндегі «Волга» көлігі қашан және қанша бағаға сатылады екен деген сауал ғана.

 

Одри Хепберннің  көйлегі киілмеді

 

 

Әлбетте, кейбір киноға түсірілген жәдігерлерді әлдебір бай-манаптар сатып алғанымен, оны тұрмыста пайдаланбайды. Соның бір айғағы, «Менің сүйікті қымбаттым» фильміндегі кейіпкер Одри Хепберндің  киген көйлегі 4,5 миллиона долларға сатылып алынғанымен, оны киіп көруге ешкімнің жүрегі дауаламады.

 

«Құпия құжаттар» сериалынан үзінді

 

 

Кино арқылы құнды жәдігерге айналған тағы бір дүние – ФБР агенті Фокс Малдердің қызметтік куәлігі болды. Алайда, кинода жиі көрсетілетін бұл құжат бар болғаны 6 мың АҚШ долларына сатылып кеткені қынжылтады.

 

«Жұлдызды сарбаздар». VI эпизод. Джедаяның оралуы

 

 

Люк Скайуокердің сыйқырлы қылышының сабы 240 мың АҚШ долларына сатылып кетті. Бұл жәдігердің құнды болғаны соншалық  —ол тек сабын ғана осындай сомаға сатып алуға келісімін берген.

 

Бейонсқа тарту

 

 

«Тақ тайталасы» фильмінде түсірілген айдаһар жұмыртасын рэпер Джей-Зи сатып алып өзінің сүйікті жары Бейонсқа тарту еткен еді. Әлбетте, ол құнды сыйлықты тарту  етіп жатқандағы әсерді сөзбен жеткізу мүлде мүмкін емес.

 

Aston Martin DB5 көлігі қанша тұрады?

 

Шон Коннери  түскен осы фильмде көрсетілген көлік әлемдегі ең қымбат бағаға сатылған техника болып табылады. «Aston Martin DB5» автокөлігі 4,4 миллион АҚШ долларына аукционда балға астынан жөнелтілген болатын.

 

Жасқаншақ арыстанның костюмін кім сатып алды?

 

 

«Оз елінің сиқыршысы» фильмін көріп көптеген бүлдіршіндердің балалық шағы осы туындымен біте қайнасып кетті. Осы кино өнімдегі жасқаншақ арыстанның костюмін кімнің сатып алғаны беймәлім күйінде қалды. Анығы ол костюм 700 мың АҚШ долларына сатылып кеткен.

 

 

541 000 АҚШ долларына бағаланған ғылыми

 

 

Ғылымға берілгені сондай есі кіресілі-шығасылы Кристофер Ллойдтың ғылыми шағын шеберханасы 541 мың АҚШ долларына сатылып кетті. Уақыт машинасы аталған бұл жабдық күнделікті өмірде тек көлікке айналып қалды.

 

«Вилли Вонка және шоколад фабрикасы»

 

 

Роальда Даля кітабының желісімен түсірілген фильмде алтын билетті сатып алған бас кейіпкер өмірде бақытты бола алмайды. Сондықтан, телетуынды табандылық пен жігерлі болуға, бастысы бас алмай еңбек етуге үндейді!

 

www.lenta.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
1105





Пікір қалдырыңыз