+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жапон киносының патшасы

  • 31.05.2015

Акира Куросава өзінің алғашқы «Дзюдо кемеңгері» фильмін түсірмес бұрын, 7 жыл бойы режиссер Кадзиро Ямамотоның ассистенті болып жұмыс істеген. Кейіннен ол ондаған фильмдер түсіріп, олардың әрбірі дерлік айтулы туындыға айналды.

Режиссердің өзіндік стилі жапондық дүниетаным мен батыс кинематографияның классикалық әдістерінің синтезімен анықталады. Оның әрбір еңбегі экранда динамикасымен, әсерлі ракурстарымен, күрделі техникалық әдістерімен және өз кейіпкерлерінің психологиясын терең түсінуімен сипатталады. 

Бағдарлама Батыс киносыншылары мен көрермендерін жапондық кинематографияға деген көзқарасын толығымен өзгерткен әйгілі режиссер Акира Куросаваның «Дерсу Узала»фильміне арналады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз