+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жазушы Қажығали Мұхамбетқалиевпен жүздесу

  • 02.07.2014

Белгілі қаламгер, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сiңiрген қайраткерi Қажығали Мұхамбетқалиев «Жүздесу» бағдарламасында!

Қазақ әдебиетіне әдемі әңгімелері, шағын повестерімен олжа салған Қажығали Мұханбетқалиұлы қазақ оқырманына «Жұлдызды түндер», «Тоғай сыбдыры», «Қайдасың сен, махаббат», «Жалғыз жиен», т.б. кітаптары арқылы таныс. Ал 20 жыл бойы қалам тербеген «Тар кезең» романын жазушы өзінің басты шығармасы деп санайды.

Даңқты Сырым Датұлы туралы бұл роман — әдебиетіміздегі тарихи тақырыпқа жазылған шығармалар арасындағы айтулы еңбектердің бірі. Қаламгер осы еңбегінің жазылу процесі жайында қызықты деректермен бөлісіп, жазушылық өмірін баяндамақ.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Жүздесу»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз