+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Адам аяғы сирек жететін жырақтағы елді-мекендер

  • Дүйсенбі, Маусым 22 2015

Әдетте, адам баласы үлкен шаһарлардың іргесіндегі шағын ауыл, елді-мекендерді таңдап, тыныш көше, жайлы баспана іздейді. Жасыл желек аясында, бұлағы сылдыраған, жеміс ағаштары мәуелеген адамның көзі де, көңілі де толар мұндай жерге неге тұрақтамасқа?! Алайда, ондай қала іргесіндегі «жұмақтан» қашып, адам аяғы сирек басатын жерлерге қоныстанатындар да бар екен. Табиғаты суық, тұрмыс үшін қолайсыз болса да көшпей тұрақтап қалған шағын ауылдар, елді-мекендер жетерлік. Сондай 10 елді-мекенге бірлесе саяхат жасалық!

 

 

1. Мото, Тибет
Тау басындағы осы шағын ауылға мүлде көлік қатынамайды десе де болады. Бірен-саран жүк көліктері жаз кезінде келіп-кеткені болмаса, жолды көктемде аққан сел шайып кете береді. Тау басындағы ауыл мен ең жақын жатқан елді-мекеннің ара қашықтығы 80 шақырым. Өркениеттен тыс жатса да, 11 000 мың адам осы ауылды өз өміріне қанағат етеді.

 

 

2. Оймякон, Россия
Бұл елді-мекенде жаз тіпті қысқа болады. Қыс кезінде аяздың қысатындығы сондай, сынап бағанасы  -50-60 °С түсіп кетеді. Ең ауыр қысты бұл ауыл 1938 жылы көрген. Ол кезде сынап бағанасы  −77,8 °С барған дейді. Осындай жағдайда бұл ауылдан қоныс аудармай тұрып жатқан 500 адам бар.

 

 

3. Иллоккортоормиут, Гренландия
Бұл ауылда бар болғаны 452 ғана адам тұрады.  Олар адамдар ортасына тікұшақ және кеме арқылы ғана жетіп, араласа алады.

 

 

4. Рейне, Лофотень аралдары
Москень аралындағы Рейне елді-мекенінде небары 329 адам тұрады. Алайда, осы ауыл тұратын жерді Норвегияның «жұмағы» деп атаса да болады.

 

 

5. Эдинбург жеті теңізі, Тристан-да-Кунья
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанша бұл аралда әскери гарнизон болған. 1961 жылы бұл жерде жанартау атқылап, тұрғындардың бәрі үдере көшіп кеткен еді. 1963 жылы сол тұрғындардың көбі ескі жұртқа оралып, қайтадан шағын ауыл тіршілік нүктесіне айналды. Қазірде ол ауылда 300 ғана адам тұрақтап қалған.

 

 

6. Уакачина, Перу
Ика аймағындағы шөлді мекен Лима қаласынан көлікпен жүргенде бес сағаттай жер. Аңқасы кепкен ай тақыр жерде қазіргі таңда 115 адам тұрып жатыр.

 

 

7. Ундредал, Согн-ог-Фьюране, Норвегия
Шағын ғана бұл қалашық 1980 жылдары қалыптаса бастады. Ай тақырда, табиғаты сараңсыған өңірдегі ауылда небары 100 адам ғана тұрып жатыр.

 

 

8. Пугтал Гомпа, Индия
Бұл ауылды елді-мекен деп айтуға болмайды, бұл жерге монахтардың қауымдастығы қоныстанған. 12 ғасырда іртетасы қаланған қонақ үй тектес бұл ғимарат 70 монахқа пана болып келеді.

 

 

9. Адамстаун, Питкэрн аралы
Әлемдегі ең кішкентай елді-мекен Питкэрн аралында орналасқан. Ондағы тұрғындар саны 48 адам. Бұл ауылда негізінен  «Баунти» кемесінде көтеріліс жасаған адамдардың үрім-бұтағы тұрады. 

 

 

10. Гасадалур ауылы, Вагар аралы
Фарер аралдарының құрамына кіретін бұл ауылда санаулы адам ғана тұрады. Табиғаты қанша жерден көрікті болғанымен, жағдайсыз жерде тұруға небары 18 адам мойын ұсынған. 

 

www.bigpicture.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
2318





Пікір қалдырыңыз