+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



СОРҚАЙНАҒАН..........


Жыр алыбы Жамбылды Мәскеуге  бастап апарып шабыттандырған,  Дина Нұрпейсованың абырой асқақтатқан, Күләшті әнші, Шараны биші еткен, суретші Әбілхан Қастеевті қанаттандырған, батыстан Ғарифулла Құрманғалиевті алдырып, есімін танымал еткен  кім еді?  1933-37 жылдар аралығында елімізде 4 мың мектеп салдыруға Мирзоянды  сендірген,сөзіне иландырған кім еді деңізші? Балабақшадан бастап, орта мектептің  10 жылдықты оқу бағдарламасын білім беру жүйесіне енгізген қай зиялы? Алгебра, геометрия, ана тілі т.б оқулықтардың  басын құрауға ғалымдарды ұйымдастырған кім еді?  Алматыда салынған төрт-бес ұлттық университеттің іргетасының қалануына кім атсалысты? Абай атындағы балет және опера  театрын салдыруға сеп болған кім? Алғаш«Шұға», «Жалбыр» секілді драмалық пьесаларды, «Ер Тарғын» операсын  сахнаға қойдырған қай қазақ? Тұрмағанбет Ізтілеуовке "Шахнаманы" аудартып игі істің ортасында жүрген ол кім еді? Ақыр аяғы "Көтібарды" "Басыбар" деп бұрмалаған Мұхтар Әуезовке ескерту жасап, образға тарихи атауын қайтаруға атсалысқан кім еді?

Ол-нарком (қазіргі мәдениет және білім министрі) ТЕМІРБЕК ҚАРАҰЛЫ ЖҮРГЕНОВ болатын.

 

PS. Өзбекстанда білім және ғылым министрі болып жүрген жерінен Жүргеновті  елге аттай қалап алдырған Мирзоян  4 жылдан кейін Темірбектің елге істеген адал қызметі  мен беделін қызғанып, «халық жауы» тізіміне шіміркпестен тіркетті.  1937 жылы Темірбек Жүргеновты өз қолымен НКВД-ның подвалында атқан еврей  әрекетіне  өмір бақи өкініп, туған қарындасы Зағипадан ұзақ жылдардан соң кешірім сұрауға үйіне барған.  

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

615

1 comment

  • Бейсенбі, 17 Желтоқсан 2015 20:19 лалагүл

    Мұқажанның өзі де НКВД ның тыңшысы ғой. Ағасын атқан жауды үйіне алып келіп әйелінен кешірім сұратып отырғаны күдікті екен...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз