+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



САРҒАЙҒАН СУРЕТТЕР СЫРЫ!

  • Сейсенбі, Шілде 14 2015

Сөзден қадір қашқалы қай заман, ең болмаса көңілге ыстық ескі суреттерге көздеріңізді суарыңыздар. Тұтас бір фотогалереяға татитын дүние. Назарларыңызға қызылордалық фототілші Болат Омаралиевтің туындыларын ұсынамыз. 

 

 

1. "Қыз Жібек пен Төлеген" атанған Меруерт пен Құман өмірде де, өнерде де әрдайым бірге

 

 

 

2. Нұрғиса Тілендиевті Сыр жұртшылығы әуежайдан құшағын жая қарсы алған сәт 

 

 

 3. Мұңайма, Мақпал, мұңайма...
Сахнадан сырылып, пұшайман болып жүрген әнші қыздарыңыз – Мақпал Жүнісова

 

 

 4. «Қара да тұр, өскенде ұшқыш болам!». Көп бала осы қиялдың жетегінде жүріп ер жетті

 

 

 

 5. Оқырманы көп Оралхан аға!

 

 

 

 6. Қаламы қарымды Асқар Сүлейменов!

 

 

 

 7. II дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің жасөспірім шағы

 

 

 

 8. Атына заты сай Розаның гүл болып, жайнап жүрген кезі...

 

 

 

 9. «Жезкиік, біздің жаққа қайдан келдің?!...»

 

 

 

 10. Суретке қырын түскен Еркін Нұржанұлы Әуелбеков Сыр елінің халқына қырын қарамастан кетті

 

 

 

 11. «Ақ Баян» әнімен Мәдина Ералиева есімін әйгілеген сазгер Бексұлтан Байкенжеев

 

 

 

 12. «Қош бол, ата!» повесін жазуға кіріскен Тынымбай Нұрмағанбетов ол кезде 20 жастағы бала екен

 

 

 

 13. Велоспорттан алғашкы әлем чемпионы Марат Сатыбалдиев

 

 

 

 14. «Жарайсың, Терешкова, еркексің!», - депті  бір шала мас қазақ әйел - ғарышкердің көкке көтерілгенін естіп

 

 

 

15. Жыр жауһарын жинаған Мардан аға

 

 

 

 16. Қайсар қазақ, есті «тентек» жазушы Қасым Қайсенов

 

 

17. Тұтас бір ұрпақтың махаббат сезімін, жастық шағын ұрлаған «Дос-Мұқасан» тобы

 

 

 

 18. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламамен» шетел ауған мұңлық қандастарымыздың немере, шөберелері...

 

 

 

 

 

 19. «Тамашаның» көркі болған Құдайберген Сұлтанбаев осы шаңырақтың киесін де, иелігін де өзімен ала кетті

 

 

 

 20. 12 құрсақ бала көтеріп, «Социалистік Еңбек Ері» атанған Ұлбала Алтайбаева

 

 

 

 21. «Махаббат – бағы ғой екеудің...»

 

 

 

 22. «Қырық жыл аңыраған сорлы анаңның,
зарына құлағыңды тосшы бүгін...»

 

 

 

23. Таңертеңмен бір сұлу қыз
Суға келеді, суға келеді, суға келеді
Ат жетектеп бір жас жігіт
Еріп келеді, еріп келеді, еріп келеді.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
3912





Пікір қалдырыңыз