+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Оспанхан Әубәкіров – қазақ сатирасының сардары

  • 10.07.2014

Бағдарламаның бұл саны қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының дамуына елеулі үлес қосқан Оспанхан Әубәкіровтың шығармашылығына арналмақ. Ол өзіндік қолтаңбасымен әдебиет тарихында қалған қаламгер. Әубәкіров сықақ өлеңмен де, қара сөзбен де төгілте, күлдіре жазды.

Шығармаларын әсерлі, ұйқасымды ету үшін жылтырауық сөздер мен ерекше бір теңеулерді іздеп жатпайды. Отбасы, ошақ қасындағы, екеуара әңгіме үстінде қолданылатын, көпке ортақ сөздермен-ақ ойын жатық жеткізіп, әсерлі образдар жасады. Әдеби талқылауға арнайы келген қонақтар – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, белгілі сатирик Ермахан Шайхыұлы мен белгілі сықақшы, әртіс Алмат Сақатов.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Әдебиет әлемі»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз