+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ҚАСҚЫР ДА ҚАС ҚЫЛМАС ЖОЛДАСЫНА..."


Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен екі-үш күн аңшылыққа барғанда қасында жүрудің сәті түсті. Ауылға барса керемет әңгімелердің тегін ағытып, қасқыр туралы тақырыпты таңды таңға ұрып соғуға бар. Шетінен кертіп, ғарышкер ағамыздың аузынан естіген әңгімелерін өздеріңізге үзіктірмей,  үзіп айтып берейін.

 

ҚАСҚЫРДА ҚАС ҚЫЛМАЙДЫ ЖОЛДАСЫНА

 

Осы туған ауылым  Ақсу-Аюлы жақтан малға қасқыр тиіп, ауыл адамдарының мазасын қашырды дегесін бесатар қаруларымды сайлап, көлік-арбамды дайындап, әккі аңшы достарымды ертіп жолға шықтым. Жолда Қарағандыға аялдадық. Сонда дастархан басында осы облыстың байекеш бір кәсіпкер  жігіті етегіме жармасты. «Тоқа, үйге кіріп шығыңыз, мал сойғызып, ас дайындатып қойдым. Тоқсан жасаған анам бар еді, батасын ала шығыңыз» деді. Негізі, қонақ болу ниетімде де жоқ еді.  «Ана, бата» деген сөзге қайырылып, тоқтап қалдым.

 

Хан сарайындай үш қабат үй, ақжаулықты анасымен кең дастархан басында біраз әңгімелесіп, қауқылдасып қалдық. Батасын беріп, тілектестігін айтып кәсіпкердің анасы үйінде қала берді.  Ана байшыкеш «Тоқа, менің де қасқыр аулауға аңсарым ауып жүр еді. Ерте кетіңіз, серік болайын» деп соңымнан қалмады.Әдетте, танымайтын адамды бөрі-жорыққа ерітпейтімін. Көңілін қимадым. Келістім.

 

Сонымен не керек, төрт – бес снегоход омпы қардың арасымен бұрқыратып,бөрілерді қуып алдымызға салдық. Әлгі кәсіпкер менің снегоходымың артында отыр. Бір арланның ізіне табандап түсіп, басып келе жатырмыз. Көкжал түсінді, қашқаннан құтыла алмасын. Бір әрекет жасайтынын менде біліп келе жатырмын. Арамыз үш метрге қысқарғанда әлгі қасқыр бұрылып келіп, бар екпінімен өзіме қарғи ұмтылды. Соны күттім.  Жүріп келе жатқан снегоходты тоқтатуға мұрша болмады.Бір қолым рөлде, бір қолымда қысқа мылтығым бар еді жан екпінмен мына «добардай» қолыммен тұмсықтан ұрдым. Әй, өйтіп, өмірі адам баласын, спорттық грушаны ұрып көрмеппін. Әкем айтып отыратын «қасқырдың әлсіз жері тұмсығы» деп. Қаперімде сол бар. Әлгі арлан снегоходтың алдына сылқ етті. «Нокауд»ұзаққа созылған жоқ. Қаруымда оқ жоқ еді. Оқ-дәрі белдігін әлгі кәсіпкердің мойнынан асырып, іліп қойғанмын. Артыма қарасам, әлгі байшыкеш омпы қардың арасында «мамалап» қашып бара жатыр. Тап әкең..... Ақырып,боқтап  жүріп, ананы жаныма шақырттым. Жаныма жуымайды, патронды алыстан шөкелеп, діңкәні құртты. Әйтеуір екі патрон қолыма ілесіп, енді ұңғысына салып, жаба бергенімде, қолбағым бірге қыстырылып, атуға қауіпті болып қалды. «Қасекең» ес жинап, орнынан тұруға ыңғайланды. Мен болсам тізеге теуіп әлгі мылтықты аша алмай мықшыңдап жатқан кезде, патрондары снегоходтың арасына түсті де кетті.  Ананың маған лақырған патрондарынан басқасы қолыма ілесіп, қайта ұнғысына салып, арланға қарасам орнынан нық тұрып, маңдайын маңдайыма тіреуге сәл тұр екен. Қақ шекеден мылтықты тіреп қойып атқанда, қан бұрқ етті. Қас қағым сәт. Өмір мен өлім арпалысы.

 

Сонымен, ауылға қайтып келіп, шай ішіп, тамақ ішіп дегендей, бойымыз жылынды. Әлгі кәсіпкер өзі атқандай суреттейді келіп әлгі көріністі қасымдағы серіктеріме. Дастарханның батасы беріліп, оңашаланған кезде әлгі кәсіпкерге «Бұдан кейін  мен сені, сен мені танымайсың. Қайдан келдің сонда кет. Қиылып қоймадың барайын деп. Әкелдім. Өмір саған керекте,  маған керек жоқ екен!  Қаштың. Арлан көрсетті, кімнің кім екенін! Енді көзіме көрінбе, жоқ бол!»

 

Әлгі сүмірейіп кейін қайтты.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

2012

3 comments

  • Бейсенбі, 21 Сәуір 2016 20:38 Толагай Амангелди

    Токтар ага нагыз батыр киси. Мен кашанда токтар аганы колдаймын!

  • Бейсенбі, 07 Сәуір 2016 14:27 Алике

    Тоқтар ағамыз- қазақ халқының құрметті азаматы. Шын жүректен құрмет тұтамыз, нағыз тұлға үшін, халқының биік бағасынан артық не қымбат?

  • Жұма, 17 Шілде 2015 15:26 Сабитов Ғылымбек

    4-5 жыл бұрын кездесу кезінде батырға лайық алып тұлғасымен,айтқан әңгімесінен,ақыл-парасаты ерекше дара туған жан екендігін сезініп,"шіркііін ұрпағымыз, қазақ қане десе ұялмай көрсететін жандар болса ғой"
    деген ойға қалдым,Тоқтар ағамыздың тірісінде қадыр-қасиетін білмей жүрміз-ау.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз