+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ғарышкер-аңшы. ІІІ әңгіме


Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің  дала тағысы-қасқырға қатысты айтқан әңгемелерінің бірнеше үзігі. III-бөлім

 

АНАМНЫҢ ҚОЛЫ

Жоғарғы сыныпта оқимын. Таңертеңгі шәйді ішетін уақыт. Әкем  малды жайлап болып ішке кірген, соның арасында  сыртқа анам шығып кетті. Сиыр саууға шықты ма есімде жоқ.  Молынан күттік, анам  келіп болмады. Айналшықтап әрі-бері тосқасын әкем қораға  барса, анамның қос қолы қан жоса болып, қасқырдың қос құлағын қапсырып алған дейді. Астында көкжал,  үстінде анам жатыр. Сөйтсе, аз уақыттың ішінде  қораға көкжал кіріп, қойдың бірнешеуін іліп құлатқан. Анам үстінен түсіп, шыдамай қасқырға тұра ұмтылған. Өлместің қамы. Құлағына жабысқан күйі, қолы қапсырылып қалған. Салмақпен басып түскесін, «қасекеңде» қамсыз қалған болу керек. Қысқасы, не керек жабылып жүріп көкжалды өлтіріп, басын кестік. Себебі, анамның қолы ажырамайды. Дереу әкем сол жерде бір тоқтыны сойып, жылы терісін анамның қолымен қасқырдың басын қосып, орап тастады. Әйтеуір бір кезде анамның алақаны жайылды-ау! Қорыққанда адамның қолы сіресіп қалады екен. Алдында бір-екі талағаннан анамның қолында тыртық қалды.

***

 

ҚУЛЫҒЫНА ҚҰРЫҚ БОЙЛАМАЙДЫ

Қасқыр өте ақылды аң. Кез-келген жағдайда, жан-алып жан берісіп жатқанда, артын ойлап тұрады. Жазықпен қусаң, теміржол жағалайды.  Сол шойынжол бойындағы бөренелерге адамша жабысып бар-жоғын байқатпауға тырысады. Бірде қыста «қасқыр шамадан тыс көбейіп кетті»- дегесін шағын жеке ұшақпен шықтым. Артқы есігін ыңғайлап ашып, бесатарымды шіреп қойып, шетінен мұрттай ұшырып жатырмын. Төбесіне ұшақпен төнгесін, төте ажалды оларда сезді. Көз алдымда жортып келе жатқан екі-үш бөрі жоқ болып кетті. Әрі қарайымын, бері қараймын. Ұшқыш екеуміз бір-бірімізге қараймыз. Жоқ.  Сөйтсек, бұталардың арасындағы қалың қарға омпылап кірген бірнеше қасқыр төрт аяғын көкке беріп, қарға жастана жата кетіпті. Қулықтары түсінікті болғасын, төрт аяқтың ортасына көздеп атқанда, аппақ қар қызылға боялып, шетінен «шейіт» болды.

***

 

ТІРІ ТОҢАЗЫТҚЫШ

Қостанай жақтан қасқыр көбейді дегесін сонда жолға шықтық. Бір үйір қасқыр, бірнеше үйір жылқыны алдына салып, қыста тоқтаусыз алға жүріп отырады. Әбден қарны ашқанда кешкілік азулылар «ауыз ашып», бір жылқыны жарып салып, жеп қояды. Қалған жылқыға тимейді. Оларға ерекше «қамқорлықпен» қарайды. Бағады, алыстан торуылдап, арасында жайылдырып алады. Тамақ керек, сөйтіп, апта ішінде, ана қасқа жылқы үйірін әбден «жұқартқан» ғой. Іздерінен әзер жетіп, «қасекеңдердің де» жанын «жаннатқа» жөнелттік.        

 

       

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

542

1 comment

  • Бейсенбі, 23 Шілде 2015 02:05 Карим Бахриденов. Атырау.

    Мен журналист болсам да 40 жылдай аншымын. Коп жылдар каскырга шыгып, тикушакпен де машинамен де талай рет атып алдык. Касекеннин талай кулыгын кордим, талай алдандым да. Содан сон онын кулыктарын тусине бастадым, сойтип олардан кулыгымды асырып каскыршы атандым. Енди не бир тандай кактыратын кулыктары есимде. Амандык болса китап етип шыгарсам деген ойым бар. Сондыктан оны жазбай отырмын. Гарышкердин айтуы орынды. Оны каскыршы гана бирден тусинеди.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз