+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БІР СУРЕТТІҢ СЫРЫ


Қызылордалық фототілші Болат Омаралиев осыдан бірнеше жыл бұрын тырқылдатып ескі «Москвичін» мініп саяжайға бара жатса, ГАИ қызметкері тоқтатыпты... Бөкең құжатын ұсынады. Аты-жөнін оқыған әлгі жол сақшысы жұлып алғандай Бөкеңе:

- Мен сізге ғашықпын, аға! - деген.

 - Айналайын інім, аулақ жүр. Мен голубой емеспін,- деп Бөкең сарт еткізіп қолма-қол жауабын берген. Сөйтсе әлгі жігіт есімінің Темірхан екенін, бүлдіршін күнінде суретке түсіргенін еске салып, әкесінің ол суретті мәртебелеп төргі бөлмеге ілгенін айтқан.1983 жылы небары Темірхан 2 жас 2 айға енді толыпты. Бірінші мамырда ауылда ипподром ашылып, гір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылған. Шамасына қарамай кішкентай «Тәкең де» ортаға шығып жұртты ду күлдіріпті. Осы сурет заманында Ленинградта өткен халықаралық байқауда жүлде алды. Зымыран-уақыт одан бері 34 жылды сағымға орады. Сол «қарадомалақ» қазірде полиция қызметкері. 34 жасқа толған Темірхан қоғамдық тәртіпті қадағалауға атсалысып жүр. Фотографқа кеуілін жайған тәртіп сақшысы жолдың арғы бетінде тұрған жүк көлігінің жүргізушісін ысқырып шақырып, «Москвичке» аузы-мұрынынан толғанша қауын-қарбыз тиеуді тапсырған. Тамызда қауын-қарбыз пісіп жатқан кезде бір жеңіл көлікті толтыру дихандарға не тұрады! Жағдайдан құлағдар болған ауыл шопыры көлігіне жүгіре жөнелгенде, Бөкең:

- Інім бері кел, Амангелді аулының қауынынан ауыз тием, қолдарыңды қайтармайын, бір ғана қауын әкеліп бер, сол жетеді, - деп тоқтатыпты. - Ана қауынды қалаға базарға апара жатқан диханның, оның бала-шағаңның несібесін ауыздарынан жыруға менің хақым жоқ, - деп ризашылығын жеткізген. Бір суреттің тарихы осылайша өрбіді...

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

692

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз