+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«АЯУЛЫ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ЗЕЙНОЛЛА ТУЫП, ЖАНҒАН ЖЕР.....»


Ауылдан келген қазақты қала деген тәкәппар көпке дейін өзекке теуіп жатсынатыны бар. Тіпті ол заңдылықта. «Үйі жоқтың күйі жоқ» қой баяғы.... Әкем Данабаев Қази Соңғыбайұлы ауылдағы мектептің қатардағы мұғалімі болып жүргенде ақын, жазушы Зейнолла Шүкіровтің шақыртуымен Қызылордаға келіп қалған. Әкем де, шешем де жас. Екі жастық, екі көрпе, екі қасық, екі кесе, жалаңаяқ - жалаңбас жеткен екен. Ауыл қазағында не оңды жағдай болсын?! Шын қиналғанда Зейнолла аға үш бөлмелі пәтерінің біріне әкемді кіргізген. Бала болсам да, сол кезде ұлы жазушыны көріп қалдым... Зейнолла ескі жазу машинкасына жармасып, тықылдатып отыратын. Есіктен сығалаймын. Пионино тұрады. Оның үстінде сыйға берілетін ұшақтың шағын үлгісі тұратын. Қызығамын. Ағаға бір, ұшаққа бір қараймын да, есікті жауып қоямын. Баламын.

Тәубе, бертін келе әкемнің мақалаларын оқыған, өздерін «марғасқалардың санатынынан» табатын көптеген жазушылардың, журналистердің қары сынды, ал шынайы тілектестері сыйласа бастады. «Қази деген қайдан шықты?!» - деп сыртынан күңкілдесе де, бетіне айтуға бата алмайтын да бірен-саран пікір пайда болды. Қазақ емеспіз бе?! Біреуді тұқыртуға, жас өскінді жұлып алуға бейім тұратын! Мінезі жібектей әкем әлгі «маңғаздарды» да тез «сындырды». Әрқайсысының тілін тауып, өзіне тілекші етіп алу жағынан Қазекеңнің  алдына түскен адам болмаған шығар тәйірі! Сонда деймін-ау, жай-күйі жоқ болса да қалаға шақыртып, шын қысылғанда үйіне кіргізген Зейнолла ағаның жасап жүрген жақсылығы парасаттылық екен! Кейін ілініп-ілініп кетіп ел болатынын да, жазушылардың қалың қатарына қосылып кететіне сеніп істеген екен-ау. Кейін журналист болып жүргенімде Зейнолла Шүкіров туралы телеарнаға хабар дайындап бердім. Перзенттік парызым болсын дедім. Арал ауданыда құлағалы тұрған бейітін қайта тіктеуге немере інісі Алпысбай Шүкіров жүгіріп жүрді. Обал мен сауапты білетін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев зиратты жөндетуге байланысты бірнеше рет бейіт басына барған. Одан бері не істеліп, не қойылғаннан хабарсызбын.

 

ЖАНЫМ АРАЛ                                                                             Қ.С.ДАНАБАЕВ 

 Мен Аралдан кеткем жоқ

Айта көрме,

Жетелейді ел жаққа қайта кеуде.

Көк теңізден келген бір базаршымын,

Бұйымымды бітірсем,

Қайтам елге.

 

Тіршілікті думандап бір тынбаған.

Қашық тартты көк теңіз бұл күн маған.

Әр күн сайын ақ толқын еске түсіп,

Сағынышым сыздайды шым-шымдаған.

 

Жалғыз теңіз!..

Жаным да,

Ой алаңым.

Жарық күнім,

Сенделтпей қоя ма ұлын.

Түс көрем бе,

Айқара Аралымды,

Құшақтаған күйімде оянамын.

Қан ойнатып кеткен бір реңіме,

Өкпем де жоқ теңізсіз бұл өңіме.

Бір құшқаным анық қой,

Оянғанда,

Өтіп кеткен шығар ол жүрегіме.

 

Ғайып болар

Жағаға басын ұрып,

Жатқан теңіз,

Жарқ еткен асыл үміт.

Толқып қанща жатасың,

Жаным, Арал

            Жүрегімнің түбінде жасырынып...  

 

Нұрлан Соңғыбайұлы

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

670

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз