+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ҚАСҚЫРҒА ЖЕМ БОЛАТЫН ҚАЗАҒЫМ-АЙ"


Тоқтар Әубәкіров ағамыз аңшылық туралы әңгімесін айтып отырып,бір кезде қабағын шытып, солғындау дауыспен солқылдатып тағы бір әңгіменің ұштығын тарқатты.

"-Ақ түтек боран. Ептеп аяз көтеріліп келеді. Қасқыр аулауға шыққанбыз. Жол талғамайтын «Газ-66» көлігімізбен белуардан қарды кешіп, бөшкедегі екі тонна жанармайды тіркеп алып, жылжып келеміз. Алдымыздан ауыл мен аудан орталығына қатынайтын алқам-салқам ескі автобус кезікті. Сығырайған шамды ұстап берекесіз шопыр кабина мен матор арасына зыр жүгіріп жүр. Бензині таусылыпты бейбақтың. Далалық жерде бензин таусылу тек қазаққа тән қасиет. Автобус тола әйелдер, қарт адамдар, балалар. Ауылдарына жете алмай жарты жолда сілелеп тұрғаны. Тоңып, бүрісіп балалар тістері тістеріне тимей қалшылдап барады.
- Әй, әкеңнің аузы, мына боранда қанша адамды қырып алуға алып шықтың ба? Бензинің жетпейтін болса, жолға шығып нең бар?!
Шопырдың «ит терісін басына қаптап», дереу кішкентай бүлдіршіндерді кезекпе-кезек вахталық жүк көлігіме мінгізіп жатырмын. Аңшылыққа есептелген көлікте теледидардан бастап, шайынатын душқа дейін бар. Жып-жылы. Шал-шауқан, әйелдерді кіргіздім де, есікті тарс жаптым. Автобуста жалғыз қалған шопыр ажал аузында қалғандай жәутең-жәутең қарайды.
- Мін, кабинаға!
Бүлдіршіндердің бойына қан жүгіріп, жасаған жақсылығыма, дидарыма ерекше жылылықпен қарайды. Жолда қалған жүргіншілерді ауылдарына жеткізіп, үлкендерден батасын алып өз шаруамен кеттім. - Сонда деймін да, не деген бейқамдық, балаларды қырып аламын деген үрей ана қасқа шопырдың ойына келмей ме?! Жарайды, мен кезіктім. Жақсылығымды пұлдамаймын. Осы жәйді тіпті тілге салып айтпас едім!Өз қазағым ғой далада қалып жатқан. Боранда қасқырдың үйірі келсе, бірін сау қалдырмайды. Түсінесің бе?!  


НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1185

2 comments

  • Сейсенбі, 28 Шілде 2015 09:32 Максут Ануарбекулы Нуриманов

    Тохтар агамыздын адамгершiлiгIн, парасаттылыгын, халык суйгiштiгiн арбip icтерiмен, ой пiкipiнен коруге болады! Тохтар агамыз гарыштада, жердеде, омipдеде ерлiк жасауда! Зор денсаулык, узак бакытты омip тiлеймiз!

  • Дүйсенбі, 27 Шілде 2015 15:25 Жібек

    Батыр ағамыз аман болсын! Көзі тірісінде осылай көбірек сұхбаттасу керек. Болашақ бүлдіршіндерге үлгі болады!

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз