+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАНЫШТЫҢ ҚҰШТАРЛЫҒЫ


Қазақтың алғашқы геологы Қаныш Сәтбаев Томбыдағы тау-кен институтында оқып жүргенде-ақ ғылыми жұмыстарға берілгені сондай, темекіні есепсіз көп шегетін болған. Кейін өкпесі сыр беріп, науқастаныпты. Өзіне дәріс беретін бір профессор темекіден арыла алмаған Қанышқа «ең болмаса насыбай ат, өкпеге залалы аз», - деп кеңес берген. Содан алаңсыз Қаныш аға насыбайға шығып алған.
Бертін келе оқу бітірген жас маман Жезқазғанның жеті қабат жері астында шахтада жатпай тұрмай, жездердің түрін, оны алу технологиясын жетілдіріп кешенді ғылыми жұмыстар жүргізген. Насыбайы азайса Қанекең Алматыдағы ғылым Академиясындағы достарына, Мәскеудегі геология министрлігіне морзе әріптерімен хабарлайды екен. «Алматыда Никольский базарының түбінде насыбай істейтін Рахматулла деген ұйғырдан, Мәскеудегі Казань вокзалының түбінде насыбай дайындайтын ноғай шалдан алыңдар» - деп екі жаққа тапсырма береді екен. Насыбай Алматыдан келемін дегенше күн ара Мәскеуден Қазақстанға қатынайтын ұшақ арқылы бірінші келеді екен. Қанекеңе деген құрметті қарасаңшы, шахтада жатқан геологқа министрлік мамандары жүгіреді. Саясатқа салса, иә Қаныш Қазақ елінің қойын-қонышындағы қазба байлықты ашып берген бірінші кенші болды, ал ғалымдығына салса, министрліктің өзі сұраған насыбайын Мәскеуден таптыратын беделге ие болған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

442

1 comment

  • Жұма, 31 Шілде 2015 10:55 аайг

    Бул улы адамнын осы кемшилигин жар кылманызшы. Насыбайшылар коъейп кетти жастар арасында!

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз