+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жаныңда жүр жақсы адам...


Сағыныш Медетбекова. Бүгінде жетпіс беске келген қазақ анасы. Ешкімге таныс емес есім. Ал, дәл осы кісі – атақты Шәмші Қалдаяқовтың ең жақын досы әрі қазақ «вальсінің королі» атанған сазгердің белгісіз сыры мен жырының, адами бейнесін нақ білетін жандардың бірі.

 

Бірде аурухананың жансақтау бөлмесінде жатқан Шәмшінің көңілін сұрап барған аяулы досына ұлы композитор мұңайып отырып: «Мені іздеп келген аяғыңнан айналайын» деген екен.

 

Ендеше, әйгілі философ А. Шопенгауэрдің: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу» деген нақыл сөздерін ескере отырып, шынайы достық – адамзат баласына ең қажет құндылық дер едік.

 

Қымбатты оқырман! Жаныңызда жүрген әр жақсы адам мен достарыңызды бағалаңыз!

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

543

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз