+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТЕКТІДЕН ТЕКСІЗ ТУМАЙДЫ....


Ертеректе, жылдарын нақтылап айта алмаймын. Орынборда көшеде тұрған бір дүкенге Қыз Жібектің туған ағасы Мәметек бас сұғыпты. Жайық бойынан мыңдаған қойын губернаторға саудалауға келген беті екен. Ондай ауқатты адамның соңына қалада тілмәш ертетін дәстүр болған. Шаруамен жүргесін Мәметек үстіндегі киіміне мән бермесе керек. Баста тымақ, үстінде тон, аяғында саптама етік. Жиһаздарға қызыққан ол татар саудагерінен «Ана жиһазың қанша тұрады?- десе, әлгі татар кір-қожалақтау қазақты менсінбей «Пұлің жетпейді»,-деп жауап қайырған. «Мына затыңның бағасы ше?»,-десе де естіген жауабы «Пұлың жетпейді» болыпты. Сол кезде Мәметек қасындағы тілмәшін шақырып алып «Мынадан сұра, мына барлық жиһазы, дүкені татардың әйел, бала-шағасы, көшесі қанша тұрады екен?» депті. Әлгі татар ойына келген бағаны айтып «осыншама алтын ділдә»деп айта салған. Сөйтсе, бірнеше күннен кейін  екі қап алтын ділдә артқан түйе дүкеннің жанына тоқтаған. Төрт жігіт бір кенер қаптың өзін мықшыңдап, дүкенге кіргізген. Әлгі татар алтын ділдәсін санап алып, есеп айырсақанда бір жарым қап алтын ділдә ауылға қайта қайтарылған екен дейді. Сол дүкенді жергілікті тұрғындар «Магазин Маметека» деп айтқан деседі. Анығы ол дүкен Орынборда 1950 жылдарға дейін болған. Қыз Жібектің әкесі Сырлыбай Жайық бойындағы ең ауқатты байлардың бірі болған. Баланың үлкені Дәулетияр болса, кенже бала, қара шаңырақтың иесі Мәметек екен. Қыз Жібек Сырлыбайдың сүт кенжесі, жалғыз қызы. «Алты ағам қайда, алты ағам?»-, деп фильмде зарланатын Қыз Жібектің сыры тарихқпен қиысады.Аңыз емес, анық оқиға.         

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1598

7 comments

  • Дүйсенбі, 17 Тамыз 2015 18:50 Алия

    Кудай сол кинода шын манынде некелер!н киып койган гой.кудай оз! колдаган жуп

  • Сенбі, 01 Тамыз 2015 03:52 Лилия

    Керемет! Махаббат деген улы сезимди сактагандар деп осы кайталанбас тулгаларды улги туту парыз!

  • Жұма, 31 Шілде 2015 15:21 Сауле

    Бакыт тилеим еки омирдин .жаннаттада бирге болыныздар...

  • Жұма, 31 Шілде 2015 10:00 шарипа сагинтаева

    АЛЛА ЖАҚСЫЛЫҒЫНАН АЙЫРМАСЫН! Құман Тастанбековтер керемет отбасы.Ең жақсы көретін әртістерім."Қыз Жібек" фильмін көруден жалыққан емеспін.Неге екенін білмеймін теледидардан көрсем көре бергім келеді.Бірақ дискісін сатып алып немесе интернеттен тауып алып көргім келмейді.Арманым осы кісілерді өз көзіммен көру, көрсем ғой.Шіакін-ай!

  • Жұма, 31 Шілде 2015 05:37 Умит

    Өмір теңізінде бірге мәңгі жүзіңіздер!!!

  • Жұма, 31 Шілде 2015 02:05 Жулдызай

    Құман мен Меруерт -қазақ тарихындағы ХХ ғасырдың махаббат символы. Биздің заманның Қыз Жибеги мен Төлегені. Мәдениет, өнер саласында қызмет етип жүрген кезеңде қазақтың маңдайына биткен осындай талант иелері, Асанали, Кененбай, фильмнин режиссері Сұлтан Ходжиковтын қатысуымен өткен премьера, кештер дин басы - қасында болып, кишкене болса да үлес қосқаныма мақтанамын. Бұндай бақ екинин бирине бұйырма ған.

  • Бейсенбі, 30 Шілде 2015 23:13 Гүлімжан

    Махаббат пен сұлулықтың, бақыттың үлгісі болып ұзақ ғұмыр кешіңіздер. Сіздерге деген құрметім шексіз.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз