+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АЛАҢҒАСАР ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ


Суретші Әбілхан Қастеев тіршілікте алаңғасырлау, аңғал, көкірегі таза шығармашылық адамы болған деседі. Бірде Алматыда республикалық суретшілердің сьезі өтетін болып Әбекең баяндама жасайтын болып апта бойы дайындалған екен.

Үйдегі апай костюм-шалбарын үтектеп, туфлиін сүртіп дегендей киімін дайындап қойса керек. Таңертеңгілік көйлегін киім, галстугін тағып, айнаға қарағыштап, ауладан шығып көшеге беттесе керек. Сөйтсе ту сыртынан терезеден қарап тұрған кемпірі Әбекеңе:

-Әбілхан, шалбарың қайда? Ай, құдай-ай, неше күн дайындалғанда, шалбарыңды ұмытып сенде,-деп терезенің форточкасын ашып жіберіп, айқайға басыпты.

 

Сөйтсе, алаңғасыр Әбілхан ағамыз  шалбарын киуді ұмытып кетіпті. «Әулие адам» деген сөзді әдетте Әбілхандай ағаларымызға айтқан. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

466

1 comment

  • Жұма, 31 Шілде 2015 16:27 Аисугу

    Бурынгынын адамдары алтын болган гои.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз