+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



МҰСТАФАДАЙ МАРҒАСҚА ҚАЗАҚТА ҚАШАН ТУАДЫ...?


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында экономика құлдырап, руханият сәмсіреген тұста ата жұртқа Түркиядан келген әлемге әйгілі спортшы Мұстафа Өзтүрк қалжыраған қазақ рухын бір серпілітіп тастап еді. Мұстафа көптеген жас спортшыларды сапқа түзеп, елдің намысы, абыройы дегенді көптеген өреннің жүрегіне алау етіп жақты, жігеріне қуат қосты. Лезде танымал болды. Атақты Брус Лимен бірге жаттыққан қазақ спортшысының кино әлемінде емес, спорт әлемінде атағы асқақтады. Өкініштісі, арыстай азаматтың атажұртта ажал құшқаны. Тіпті, Мұстафаның қазасы туралы нақты ақпарат та жоқ. Ел арасында «у беріп өлтіріпті» деген қаңқу сөз, суық хабар тараған тұста гу етті. Дәрігерлер де сол кезде қисынды, елге ресми ақпаратты бермей кібіртіктеп қалғаны да жел сөзге жол ашып жіберді. Қанша жерден, болары болды, бояуы сіңді дегенмен, арыстай азаматтан аз қазақтың айырылып қалғаны өкінішті.  Әттең, Өзтүрк тірі болғанда Қазақ спортының алар белесі бұдан да жоғары болар ма еді!

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

879

1 comment

  • Сәрсенбі, 25 Қараша 2015 09:05 Смагулов

    Жаткан жери жайлы боп . Ужымактын торинен орын алсын!

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз