+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚҰНСЫЗДАНҒАН ҚҰНДЫЛЫҚ


Баламыз. Үш ай каникулда ауылда қара дамбал, күс аяқ болып ойыннан бас алмаймыз. Рахат. Жуын деп ешкім желкелемейді. Оқы деп әке-шешеңдей ешкім күнделік сұрап зілденбейді. Ерік өзіңде. Сол кездері ауылдағы әрбір екінші аулада текемет, алашаның жібі иіріліп, керіп тастайтын. Сүрініп кетсең, айыпты көзден емес, көршінің жіп керуге қаққан қазығынан көріп, арғы атасын бір қосып сыртынан сыбап кетесің. Ауылдың қарулы әйелдері жиналып киіз басатын. Керемет еді ол кездер. Бес-алты әйел кешке дейін киізді де басатын, әңгімені де жіберетін, қалжыңды да қағытатын. Ауызбірлікпен түскі астарын да ішетін.  Қазір соның бірі жоқ. Неге? Қытайдың арзан синтетика кілем, төсеніштері қаптап кетіп, қолөнер сұраусыз қалды. Бағасы 3 мың теңгеден сапасыз қытайлық алаша кез келген қазақтың босағасына төсеген арзан төсенішке айналды. Керетін жіп те, тебетін қазық та қалмады. Ауыл көрмеген балама айтсам, ертегі айтқандай болып кетемін. Ішім соған қынжылады. Қалада асфальтта өсіп жатқан бүлдіршіндердің бәріне обал. Ұлттық дәстүр, тұрмыс-салтты тек кітаптан оқитын ұрпақ өсіп келеді.  

 

  

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

714

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз