+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АҚҚУЛАР СҮЙІСКЕНДЕ


«Қыз Жібек» көркем фильміндегі желіге сәйкес Төлеген мен Жібектің некесі қиылған соң «Аққу» күйі қалықтап,  аққулар көлге қонып, жұптанып бір-біріне мұңын шаққандай, сезімін жеткізіп, серттескендей күйде болады.О, керемет! Осы күймен аққулардың сезім тінін дөп баспаса Нұрғиса Нұрғиса бола ма? Махаббаттың символы болған нәзік те кербез, сезімтал да кірпияз аққуларға осыншалық күйін тыңдайтып қоя ала ма?! Кино түсіру үшін су астынан аққуларды аяғына ұстап әлекке қалған водолаздардың  еңбегінен ештеңе өнбеді. Соны сезген Нұрағаң  репродуктормен күйді көл бетіне қалықтатқанда, тырағайлап әр жерге ұша жөнеліп берекесі қашқан аққулар бір сәтте  көлге қонып, бір-бірімен мойын бұрасып, сүйісті дейді. Сол «Аққу» күйімен қазақтың өнер көгіне қалықтаған Нұрағаңның бүгін туған күні. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

564

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз