+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚОШАҚАНЫМ ҚАЙДА ЕКЕН....?!»


Қыстауда  бір шұңқырда бір отар қойын бағып, бір қойшы отырған екен. Көктем шығып, мал төлдер жатқан кезең болса керек. Күнде таңертең қораға кірсе, бір қозы енесін таба алмай маңырап тұрады. Араға екі-үш күн салып, тағы да басқа қозы анасы таба алмай маңырайды. Қойшы аң-таң. Әдетте, аяққа тұрған қозылар енесін тез тауып, желініне жармаса жартылай еміп, ойнақшып жанында жүре береді. Содан «қозы құпиясын» зерттеуге қойшы құлшыныспен кірседі. Ауыл сыртында қасқырдың апаны бар екен. Күшіктері қыңсылап, тамақ іздегенде қаншық қасқыр шыдамай,түн ортасында  іргедегі қыстаудан бір қозы әкеліп апанның аузына тастайды. Күшіктері тоғайып, ұйқыға кеткенде әлгі қасқыр қозының өтеуін ойлайды. Бес –алты қыстаудан өтіп, жетінші, сегізінші қыстаудағы  қораға түсіп,бір қозыны тірілей желкесіне салып әкеліп, таң атқанша «көршісінің» қозысын түгелдеп қояды екен. Таңертең бөтен қозының енесін іздеп маңырап қалатын да себебі сол екен. Негізі, жаңа туылған қозы енесін бірден еміп кетпейді. Аяққа тұрғанша үй иесі қолдап енесін жығып, қошақанын емізіп үйретеді.  

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

817

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз