+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



БАҒЗЫДАН ҚАЛҒАН БАБА АСЫ


Семейдің полигоны, Аралдың ақшаңдақ тұзы ұшып экологияға елеулі залалы келген тұста мемлекет басшысы Н. Назарбаев  еліміздің дәрігер- ғалымдарына  адам ағзасындағы радиацияны, ауыр металлдарды тазартатын тәсілді ойлап табуды  жүктеді.  Бұл 1997 жылы болатын. Сонымен профессор Леонид Тель, Ерболат Дәленов  бастаған бір топ еліміздің медицина ғылымының  докторлары жиылып, бидайдың қабығынан қоспа  жасауға кірісті. Медициналық терминдегі «Бапол» қоспасы қазірде Астанадағы «Цесна» нан дүкендерінде сатылады.(Жарнамалық ешбір мақсат жоқ, тек ұлт саулығы деген көзқарастан айтылып отырған мәселе)  Бидайдың кебігі бірінші кезекте ас ішек, тоқ ішектегі ауыр металлдарды тазартады. Ішектегі айналымды жөндейді. Онкологиялық аурудың алдын алады. Артық салмақты алып түседі. Ішекте жиналған майды қорытады. Бидайдың витамині дәнегінде емес, қабығында қалады.Негізі кез-келген өнімнің дәрумені қабығында. Көп жағдайда алманы, қиярды аршымай жейтіні содан. Бабаларымыз сөктен талқан жасап, үнемі тағамға пайдалануды ғалымдарсыз-ақ білді. Қанша қабығын желге ұшырғанымен, сөкте кебікте қалады, құнары да көп. Ағзаны солайша тазартты. Ендеше, бағзыдан келе жатқан бабалардың  тәсіліне ден қояйық!     

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

575

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз