+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ел болам десең, бесігіңді түзе!

  • Бейсенбі, Тамыз 06 2015

Қазақтың бала туылғаннан-ақ бесікке бөлейтіні белгілі. Бесік жырын айтып бөлейді. Әдемі ырғақ пен баланың болашағына деген тілек бір әуеннің астында үндеседі. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1-5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады.

Әйгілі Затаевичтің «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай…» деуінің астарында көп сыр бар. Ал мұның басты себебі баланың бесік жырын тыңдап өскендігінде жатыр. Бар нәрсені жақсылыққа жоритын әжелеріміздің айтуынша, бесік жырында баланың болашақта батыр, елі мен жерінің қорғаны болатын азамат болып өсетінін әнге қосу үлкен рөл атқарады. Сондықтан «Бесік жырын» тыңдап өспеген қазақ баласы кемде-кем-ау, сірә. Алайда әже әлдиі құлағына сіңісті болып өскен ұрпақтың соңы біз боламыз ба деген қорқынышты ой ұялайды кейде. Өйткені бүгінгі ұрпақ бесік жырын естімей өсіп келеді.

Бауыржан Момышұлы бабамыз: «Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі – бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбеюінен, екіншісі – немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбеюінен, үшіншіден – салт-дәстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын», – деген екен.

Бесік жыры арқылы баланың тілі ерте шығатынына бүгінде мән бермейміз. Бесік жырын тыңдап өскен баланың есте сақтау қабілеті жақсы жетілетініне көңіл аудармаймыз.

Ендеше, бүгін сіз болып, біз болып, қазақ ақын-жазушыларының бесік жырларымен танысып, жаттап, үйлерімізде айтып жүрелік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
4087





Пікір қалдырыңыз