+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Шараның жұлдызды шағы


Мәскеудегі қазақ өнерінің онкүндігі аяқталатын күні берілген соңғы концертке Кеңес Одағының бүкіл басшылары жиналды. Сол жерде "Қыз Жібек" операсы қойылатын болып шешілді. Қойылымның орта шенінде Шараның билейтін тұсы бар. Мәскеуліктер шараның осы биіне ерекше қол соғып, қайта билеп беруін сұрады. Бір биді концертте қайталайтын жайлар кездеседі, әрине. Бірақ тұсастай опералық қойылымды тоқтатып қойып, қайта билету бұрын-соңды болмаған құбылыс. Осыдан-ақ Шара өнерінің құдіретін білуге болады! 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

389

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз