+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қазақтың көрнекті ақын қызы – Фариза Оңғарсынова

  • 14.07.2014

«Өлең» дейтін қасиетті өнердің қазанында қайнаған рухы асқақ, мұраты анық нәзік жанды ақындарымыздың ел-жұртына берген еселі еңбегі тек қана құдіретті өлеңдерімен ғана өлшенбек. Жас ғұмырын Қыз Жібектің көшіндей сәнге де, әнге де бөлеген ақындарымыздың қатарында шыншылдығымен өлеңге өр мінез берген Фариза Оңғарсынованың орны ерекше.

Өлең өлкесінде өрнекті ізін салып, рухы мен сезімін, мұңы мен шерін өлеңге ғана арнаған ару ақынымыз оқырманның талғам-таразысынан өтіп, кестелі жырдың керім әуенін тыңдатып келеді. Қазақ қыздарының образын тәтті өлеңмен сәтті өре білген Фариза Оңғарсынованың сүбелі жырлары оқырманға айрықша ой салады. Ендеше, қазақтың ақын қыздарының бірегейі Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен «Ғажайып туынды» бағдарламасында жете танысайық!

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Ғажайып туынды»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз