+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ЖОЛЫҢНАН КІМ СЕНІ ТОСАДЫ ЕКЕН....»


«Қарағым ай

Қиылып үзіліп қарадың ай

Қарағым, қандай сұлу жанарың-ай» -деп Нұрлан Өнербаевтың алғаш орындауымен ел зердесіне орныққан осы әннің тасасында, біле білсеңіз қасіретті тағдыр жатыр. Композитор Кеңес Дүйсекеев өмірі кенеттен қиылған 19 жасар туған апасы Күлшаттың рухына  арнап ән жазған. Қызының қазасын көтере алмаған әкесі де көп ұзамай көз жұмады. Сөйтіп, Кеңес аға  әкенің тілегі астасқан әуен ұзатылып бара жатқан қызға арналған ән болуы тиіс деген ой келеді. «Егер де әкем мен әпкем тірі болғанда, әпкем өз серігін тауып, өз босағасынан ұзатылып бара жатқанда, әкем ақ батасын беріп, қызына осы әнді айтар еді» деген ойда болады. Осылай «Қарағым-ай» әні дүниеге келеді. Әуеннен кейін, әннің сөзін  Шөмішбай Сариев жазды.

Қарағым-ай

Еліктер осылай жосады екен,

Жолыңнан сені кім тосады екен.

Бұл көңіл неліктен босады екен,

Бұл тағдыр сені кімге қосады екен?-деп арманда кеткен әке тілегін ақынға айта отырып композитор Кеңес аға ойлы да, ырғақты әуенмен әлдилеп жүрегінен шығарды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

482

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз