+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«МАХАББАТ – БАҒЫ ҒОЙ ЕКЕУДІҢ....»


 

«Жаужүрек мың бала» фильмінде Сартай рөлін сомдаған Асылхан Төлеповке кинотуынды эфирге берілгеннен кейін сенесіздер ме, 26 мыңнан астам арудан танысуға ұсыныс хат келіп түскен. Көзі жәудіреген, батырлық болмыстан гөрі нәзіктігімен талай бойжеткеннің «арманына» айналған Асылханның соңынан да «сөз» ертіп үлгерді.«Шынайы өмірде де Сартай Зеремен қол ұстасып кетіпті», «Таймаспен келіспей қалыпты» деген қаңқу сөздер жастар арасында әсіресе тез тарады. «Кинодағы Сартайдың Зереге деген махаббаты берік.Ал өмірдегі Әлиямен Асылханның  қарым-қатынасы жақсы. Ол шалғайда жүрсе де, хабарласып, қал-жағдайымызды біліп жатамыз. Ел айтқандай, арамызда ештеңе жоқ. Мен де өмірімде өз махаббатыма берік боламын деген ниеттемін»,- деп жылы жымиып, жас актер журналистерге де жан сырын ашуға мәжбүр болды. Көркем фильмде сертіне селкеу түсірмеген Сартай, өмірде де өз ұстанымын өзгертпей, шын сүйген ғашығының бағын ашады деп үміттенеміз. 15 –сәуір «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған тілек осы болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

555

2 comments

  • Бейсенбі, 14 Сәуір 2016 00:26 Qazaq

    Sattilik sizge!

  • Сәрсенбі, 13 Сәуір 2016 22:50 Аноним

    Асылхан-Ақтөбе қаласы,Ойыл ауданы,жетік өлең ауылынан.Бала Сартай рөлінің өте жоғары деңгейде орындап шықты.Асылхан сенімен мақтанамыз,жетістіктеріңе қуанамыз жəне тілекшіміз!АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз