+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ШЫҢЫ БИІК ШӘКЕН


Есін біле-ақ, өнер қыстай бастаған Шәкен тәуекелге бел буды. Тәуекелге бел бумаса,ел асып, жер асып бара жатқан ағайынға ілесіп, оқу іздеп кетер ме еді?!Тәуекелге бел бумаса, мұғалімдікке оқи жүре, бір қолынан домбырасын, бір қолынан мандолинасын тастамай, бір күні ана клубқа, екінші күні мына клубқа, кезек жүгіріп мұрнынан шаншылып жүрер ме еді?! Нар тәуекелден қаймықпайтындай жүрегінде түгі болмаса, Семейдің үйірмелерімен қоса Риддерден келген жұмысшы жастар театрының сахнасында ойнар ма еді?! Астанадан келген атақты драматургтың шалғайына ілесіп, маңдайға тигізер жалғыз ұлттық кәсіби театрдың құрамына қосылудан шындап дәмету үшін де нағыз тас жұтқан нар тәуекел керек шығар.Ондай нар тәуекелге тек өзіне-өзі кәміл сенгендер ғана бел буа алады.Ондай өжет мінез болашақ танымал актердің бойынан танылды. Одан өзге Шәкен Айманов тіршілікте жан баласымен тез тіл табысатын, өнерде өрелі азаматтармен тең сөйлесетін, баламен бала болып кеттін болмысы бөлек жан болыпты. «Домбыраны қолға алып, ән шырқағанда анау-мынау әншілер шаңына ілеспейді»- дейді қазақтың жез таңдай әншісі Бибігүл Төлегенова. Кино алаңы қанша қызып жатса да, Шәкеңнің ұстамдылығы әріптестерін таң қалдыратын.Ұнамаған кадрын мың рет түсірсе де ашуланбайды екен.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

520

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз