+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚЫЗ ЖІБЕККЕ» ТАЛАСҚАН ҚЫЗ-ҚЫРҚЫН....


 

1968 жылы еліміз бойынша 500-ге жуық бикеш айнаға қарап, шашын тарап, күлімдеп, жайнаң қағып тұрып түскен «үмітті» суретін «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлді дәметіп, киностудияға жолдаған. Сол 500-дің тек он бесі ғана Жібектің бұрымын өріп, шашбауын көтеріп жүруге жарайтын құрбыларының қатарына әзер ілігіпті. Содан таластың көкесі басталған. Танысын салуды дағдыға айналдырған қазакем қарымы жеткен жерге дейін қарманыпты. Қысқасы аз уақыттың ішінде «Қазақфильм» «қор қыздарының жұмағына» айналған деседі.Ат сабылтып  еліміздің әр түкпірінен ізделген «ару» Алматыдағы мектептердің бірінен шыққан. Таңдау 10-сыныпта оқитын қарақат көзді, аққұба өңді, сүмбіл шашты, келбетті қыз Меруерт Өтекешоваға түсті.

 

– Киностудия алдынан бірінен бірі өткен керемет сұлу қыздарды көргенде, «мынадай арулар тұрғанда, мен неменеге келдім?» деп ойланып қалдым, – деп еске алады актриса Меруерт Өтекешова. – Егер «қойшы, бұлар емес, бәрібір мен өтемін!» деп мұрнымды шүйіргенде, іріктеуден өтер ме едім, өтпес пе едім, кім біледі... Өнер – өте нәзік әлем, ол ешқандай астамшылықты көтермейді. Жібектің бейнесін сомдау үшін тек әдемілік қана емес, талант та керек қой. Сол жағынан әлгі қыздардан басымдау түскен болуым керек, режиссер мені таңдап алды...

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1016

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз