+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жыр жүйрігі – Төлеген Айбергенов

  • 15.07.2014

Жыр алыбы Төлеген Айбергенов өлеңдерін басынан аяғына дейін және аяғынан басына дейін жаттап алатын қабілеті болған. Және басқа ақындардан тағы бір ерекшелігі – өлеңдерінің құрылысы. Қазақ өлеңдері көбінесе 7, 8 және 11 буынды болып келсе, Төлеген 18-19 буынды өлеңдер жазған. Сөйтіп, ол қазақ әдебиетіндегі өлең құрылысына да жаңалық әкелген ақын болып саналады.

Оның поэзиясы – жасампаздықтың жыры. Сондықтан да Төлегеннің жырларынан жауды жеңіп келген батырдың көңіл-күйіндей шаттық пен қуаныштың самалы соғады. Аз ғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер. «Кітапхана» бағдарламасы Айбергенов әлемі мен шығармашылығына тоқталады.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Кітапхана»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз