+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КИНОНЫҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН БІР ҚҰПИЯСЫ.....


Түн ортасында айнала от жағып бас кейіпкердің қасқырлардан қорғанатын жері бар. Сол кезде қорқыныштылау болды. Алды-артыңда тағы жүгіріп жүр оның үстіне. Қасқыр деген көндіге қоймайтын хайуан ғой. Арнайы үйретушілер, снайперлер, қосымша көмекшілер бар, бірақ Құртқа тұқымының аяқ асты не істейтінін біле алмайсың. Алдымен каскадерлар трюктарды жасап отырды. Қасқырмен алысты, өзенге құлады, жардан секірді дегендей. Содан кейін барып мен қайталадым. Себебі бас кейіпкердің беті-әлпеті көрініп тұруы керек болатын. Режиссер маған каскадерларсыз жұмыс істеуге рұқсат бермеді. Каскадерлар тобының жетекшісі Жандарбек Күнғожинов  бастаған жас жігіттер көрсетеді, Ермек «Істей аласың ба?» деп сұрайды. «Істеймін» деймін мен. Себебі аналардың қолынан келіп жатыр ғой. Сөйтіп барлық трюктарды өзім жасап шықтым.

 

 

Ерболат Тоғызақов актер

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

629

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз