+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Қожықовтар әулиетінің өшпес қолтаңбалары

  • 15.07.2014

Ерен талант, терең өнер иелері ғана күңгірт тартып, көмескілене бастаған тарихтың көңілсіз беттерінде көрікті әлем түзіп, оны қайта жаңғыртып, өз өрнектерін салып өзгерте алады. Олар қалай? қайдан келді деген сұрақтар туындайды. Осы орайда өнерде өшпестей із қалдырған Қожықовтар әулиеті турасында әңгіме өзгеше болмақ. «Өнер» дейтін киелі де, ғажайып дүниенің тізгінін ұстап, содан қасиетті тұмар таққан Қожықовтардың мәдениет майданындағы іздері асыл. 

Қазақ Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, ұлттық өнердің бірқатар саласының ізашары, тұңғыш театр және кино суретшісі, кітап безендіруші, акварельші, қондырғылы графика шебері Құлахмет Қоңырқожаұлы Қожықовтың шығармашылық қызметінің әр кезеңін қамтыған туындылары бағдарлама барысында айтылмақ. Таңғажайып өнер иелері – Қожықовтар өмірі мен шығармашылығы жайлы «Қыл қалам» бағдарламасы сыр шертпек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Қылқалам»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз