+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАЛЕКЕҢ АЙТҚАН ҚАЛЖЫҢНАН


Қалтай Мұхамеджанов "АРТТЫҢ САЛМАҒЫ"

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары болса керек. Шалбай Құлмаханов Алматы облысының әкімі. "Түркістан" газетін сақтап қалуға сабылып жүріп ақша іздеген Қалекең әкімнің алдына бармай ма!

- Жағдай қиын, кәсіпорнындар жарнама, мақала бермек түгіл, Шалбай-ау, газетке жазылудың өзін ауырсынады, - деп мұңын шақса керек. - Ұжымдағы 150 адам бала-шағасымен менің аузыма қарап отыр.

Қалекеңнің көңілін қимаған облыс басшысы табанда 2 миллион теңге аудартып беріпті. Арада үш-төрт ай өткесін әкімнің кабинетіне теріс қарай кіріп келе жатқан адамды көреді.

- Бұл кім?

Үнсіздік.

- Бұл кім деймін, маған теріс кіріп, артымен жүретіндей, - деп әкім орнынан атып тұрып, ашу шақырып, жанына жетіп барса... Қалекең дейді.

- Қалеке, не болды баланың тірлігін істеп...?!

- Шалбай ана жолы ғой, бетімнің беделін салып, 2 миллионыңды алып кеттім, енді артымның салмағы бар ма екен? - деп, теріс қарап, артыммен келе жатқаным ғой" - депті.

Сөз тапқанға қолқа жоқ. Күліп, күліп әкім Қалекеңнің тағы да қаржысын табанда шешіп беріпті дейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

766

1 comment

  • Жұма, 29 Сәуір 2016 20:18 оқырман

    Артымның салмағы емес. Ақша алғаннан кейін газетке əкімдікті сынаған мақала шығып кеткен. Содан ұялған Қалтай аға "саған қарайтын бет жоқ. Артыммен кіріп келе жатырмын" деген ғой

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз