+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАЛЕКЕҢ АЙТҚАН ҚАЛЖЫҢНАН


Қалтай Мұхамеджанов "АС БОЛСЫН"

Көптен туыс-туғанына ат ізін салмаған Қалеке бірде Жаңақорғанға келіп, ел аралап, 4-5 күн ағайын арасында болыпты дейді. Қайтарда қаумағалаған бүкіл туған-туыс қоржын қалтаға жолға толтыра тамақ алып шығып, вокзал басында тұр дейді. "Қалекеңе жолда қолғабыс жасар Жаңақорғандықтардан кім бар? - деп станса басынан адам іздейді. Еңгезердей бір жігіт Алматыға жол жүргелі жатыр екен. Ауылдың адамдары: "Қалекең дәретханаға барамын деп құлап жығылмасын, үлкен адам майып болмасын, ыстықтай шәйін, тамағын беріп, бабын жаса", - дейді ғой баяғы.

Қалекең бір ұйықтап тұрып, таңертеңгілік тізіліп тұрған пакеттерге ақырын көз салыпты.

- Балам, мен шал адаммын. Мені аштан бұратылып қалады ма деді ме мына ағайын. Не болған өлгенше салып. Ана қазының шетін қажап барсам да маған жетеді деп бір қалтаны нұсқапты.

-Ал, мына пакеттегі тұтас тауықты інім сен жеп ал! Жас жігітсің, түс уақыты дегендей, - дейді ғой.

Қуырылған тұтас тауықты үстелге қойған әлгі еңгезер, білегін сыбанып, ұзақ жеп, бұтын бұт, қолын қол етіп, сүйектерін үйіп қойыпты. Майлықты алып, аузын сүртіп жатқан жігітке Қалекең:

-Ас болсын, ас болсын. Мына тауықтың рахатын інім, әтештен кейін сен көрдің ау, - деп қалжыңдаса, қасындағы жолаушылар ду күліпті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

629

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз