+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАЛЕКЕҢ АЙТҚАН ҚАЛЖЫҢНАН


Қалтай Мұхамеджанов "ТӨРТ ТАҒАНДАП ҚАЛДЫ" 

Қалекең мас дейді. Түнгі сағат екілер шамасы болса керек. Үйіне келіп, есіктің қоңырауын ұзақ басып, есікке маңдайын тіреп тұрса керек. Күйбеңдеп келіп есікті ішке ашқан кемпіріне қарай теңселе барып тіреліпті.

- Қасқа, балаңмен жасты балалармен арақ ішіп, алжитын шағыңда қадіріңді қашырдың-ау! Миың жоқ, сен шалдың, - деп үйдегі апай қарғап сілеп жатса керек. Арақтан кекірік атқан Қалеке бас бармағымен арқа тұсын нұсқап "Тыныш, ана балалар үйіне де кіруге жарамай, далада төрт тағандап қалды", - депті.

* * *

"ДӘЙЕКТІ ДӘЛЕЛ" 

"Миы жоқ бұл шалдың" деген кемпірінің "дежурный" қарғысынан мезі болған Қалекең бір күні "ретін" тауыпты дейді. Жол апатымен ауруханаға түскен. Бөлімшеде өзін айналшықтап жүрген жас дәрігерді шақыртып алып, диагнозын сұрапты.

-Сізде аға, сотресение средный тяжости, - деп жас дәрігер жауабын қысқа қайырған.

-Шын ба?

-Шын деймін, жатыңыз қозғалмай, басыңыз айналады.

-Онда былай етші, ана телефонды бері әкелші, үйдің нөмірін тер. Апаң көтереді, айт «Қалтай деген шалда ми бар Сіздің күмәніңіз болмасын», - деп, Қалекең зілді айтқан деседі.

Шала қазақ дәрігерге не тұрады?! "Солай да, солай", - деп апайға түсіндіріп, түсі суып бара жатқан дәрігерден Қалекең телефон тұтқасын жұлып алып:

- Кемпір, естідің ғой, миың жоқ дейтін едің, дәрігерлер аппаратқа түсіріп, дәлелдемесін қорытындымен айтып тұр, -деп телефон тұтқасын қоя салыпты. Жарты сағаттан кейін ентігіп, ауруханаға ұшып апай да жетіпті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

744

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз