+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҚАСТЕЕВКЕ ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ


Қазақ сурет өнерінің майталманы Әбілхан Қастеев аты шықса да, Алматыда кішкентай үйден таршылық көріп, еркін шығармашылықпен айналысып, сурет салуға мүмкіндік болмапты. Шиттей бала-шаға, шеберханасы да жоқ. Бір күні Ғылым Академиясының алдында Дінмұхамед Қонаев кездесіп, Әбілхан ағамен ұзақ сөйлесіпті. Ол кісі де аз уақыт қызметінен төмендеп, еңсесі түсіңкіреп жүрген кезі екен. Сол кезде суретші шеберханасының жоқтығын тілге тиек еткен. Арада бірнеше жыл өткеннен кейін Димаш аға Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалады. Бір күні қара сүліктей Үкіметтің қара көлігі жұпынылау суретші үйінің алдына тоқтапты. Димекеңнің шопыры екен. Димаш Ахметұлының тапсырмасымен алып кетуге келіпті. Қастеевті жылы қабылдаған Димекең оған күзге қарай еңселі үй мен іргелестеріп шеберхана салдыртып беруге шешім қабылдағанын айтуға шықырыпты. Расында көп ұзамай Республика сарайының күншығыс жағынан зәулім үй, қолайлы  шеберхана салғызып, Қастеевтен Қонаев  батасын алған. Міне, өнерге деген қамқорлықтың бір үлгісі. Жағдай жасалмаса, Қастеев қанатын кеңге жаймас еді.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

523

1 comment

  • Бейсенбі, 13 Тамыз 2015 20:57 Несіп Жүнісбайұлы

    Бүгінде талантты адамды бағалау қасиеті келмеске кетті. Бірде Ақселеу Сейдімбек ағама "Неге осы қазақтың радио,телеарналарынан Жәнібек Кәрменовтің әндері үздіксіз шырқалып тұрмайды?!" деп торыққанымда,марқұм Ақаң ; "Өй,Несіп, сен қызық екенсің ғой,бүгінгі қазаққа Жәнібек керек деп тұрсың ба?!" дегені күрсініп. Дауысымен құс қондырып,сазымен өзегіңді тіліп отырып ән айтатын қайран Жәнібекті де бұл қазақ ұмытты... Қонаев ақсақалдың ол қамқорлығының бағасы осында.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз