+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ШОФЕР СҮЙГЕН ҚЫЗ ҚАНДАЙ....?


Әнші Мұратбек Сарыбасовтың орындауындағы «Шофер әні» сәтімен шыққан. Бір шумақты әнші өзі қосыпты. Осы клиптің телеарналардан көрсетіліп жүргеніне 4-5 жыл болса да зеріктірмейді.(видео)

Жүрегiм менiң дүрсiлдейдi

Алға тартқан мотордай

А-а-ай

Е-е-ей

Жұлдыз қандай, ай қандай

Шофер сүйген қыз қандай?!

Осы ән  әп дегеннен ойнақылығымен ұнады.  Аурасы жеңіл.  Махаббатты айтып бірден мұңға батып кетпейді. Бұл әнші Мұратбек Сарыбасовтың «Шофер әніне»  қатысты беріп отырған тыңдарман талғамым, түйін – байламым. Клипі де қарапайымдылығымен көрерменін тартады. Ауыл бейнесі, күнге күйген ауыл жастары. Ескі жүк көлігі. Осы детальдердің бәрі  аға буынды әп дегеннен жігіттік, балалық шаққа алып барады. Осы жерде ескере кететін бір нәрсе бар. «Шопырдың» желісі бұрыннан келе жатқан «Қырманға кел,қалқатай» әнімен өте ұқсас. Ықпалы да болуы ғажап емес.  Не болса да әдемі дүние шыққан. Көз қуанып, көңіл марқайтатындай леп бар әйтеуір. Қараңыз. 

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

639

1 comment

  • Сейсенбі, 05 Шілде 2016 17:57 Бауыржан Ғұбайдуллин

    Кереме-е-е-ет!!!

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз