+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚОШ ЕНДІ, ҚОШ БОЛ, КҮРЕҢ КҮЗ...»


Қазалы ауданындағы шаруашылықтарды аралап жүргенде бір жұпынылау киінген күрішші әйел  жаныма келді. «Исатай, жыртық үйдің де құдайы бар деген. Егістік басындағы лашығымызға бас сұқшы» деді. Нан ауыз тиіп, айтар бұйымтайы бар ма екен деп әлгі әйелге бұрылдым. Айтқанша болған жоқ әлгі кісі: «Мынау менің Мәдина деген қызым. Өзі ән айтуға үйір. Даусын естіп көрші. Талабы бар бала»-деді. Қымсынбай ортаға шығып ән айтқан қара қыздан кейін танымал әнші шығарын кім білген?! Мәдина бойжетіп кейін Қызылордаға келгенде  әнін институттың ректорына тыңдаттым. Оқуға түсірдім. Әке деп мені, шеше деп Мүгілсім анасын айтып үйге келіп тұратын. Танымал әнші болып Алматыда  жүргенде де қол үзбей, хабарласып тұрдық»  

 

Ұзақ жыл Қызылорда облысын басқарған Исатай Әбдікәрімовтің «Көп екен көргеніңнен көрмегенің» кітабынан үзінді.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1003

4 comments

  • Дүйсенбі, 24 Тамыз 2015 22:51 Сағира

    – Мәдина 1971 жылы жаңа Қазалы ауданындағы ном.5-ші мектепті бітіріп, Қызылордадағы М.Маметова атындағы пед.училищеге сынақ тапсыруға,анамыздың денсаулығы болмай,өзі аттанады.
    Музыка бөліміндегі дауысын тексеріп көрген комиссия мүшелері,–оқуға түстің,әртіс боласың енді,деп қалжыңдаған мұғалімдерге,-Мамам ұрсады деппін гой,-деп жымиып еске алган бірде Мадина.Ол үйге оралғаннан кейін де анамызға қорқып айтпай жүрген..

  • Сенбі, 15 Тамыз 2015 17:16 Ұлытау қызы

    Ән керемет!!! Сөзі де, әні де қабысып тұр емес пе!Гүлнәрға мың алғыс, сансыз рахмет! мұқағали ағамыз боса болмаса поэзияның көсемі деп білеміз барша қазақ! Орындаушысы Мәдинашқа жан жетпейді!!!

  • Жұма, 14 Тамыз 2015 21:54 Акылбек

    Керемет еди Мадина!!! Анимен бирге жаралган!!

  • Жұма, 14 Тамыз 2015 18:53 Әбдіреім

    Мұқаңның өлеңі - Мәдинәнің орындауымен тамаша ашылып тұр

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз