+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘНГЕ АЙНАЛҒАН ДАРИҒА


Нұрғиса Тілендиев жұбайы Дариғамен Алматы өзенінің жағасымен қыдырып келе жатады. Бір кезде сазгер өзен жағасындағы тастың үстіне шығып, біресе айға, біресе жұлдыздарға қарап:

«Куә бол, жұлдыз,

Куә бол, айым,

 

Куә бол, Алатауым!» - деп әндете жөнеледі.Сазгердің Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Куә бол» әні айлы түнде дүниеге келген. Сазгер Нұрғиса ән жазғанда белгілі бір уақытты таңдамайтын. Көбіне үйде жұмыс істейтін. Әуен ойына оралған кезде дереу рояльге отырып, жаңа әнді дүниеге әкелетін. Одан кейін Тұманбай Молдағалиев не Қадыр Мырза Әліге хабарласып, әнді естіртіп, өлең жазып берулерін айтады. Сол Нұрағамның  үйіндегі дариға дәурен Дариға апай бүгін 70 жасқа толды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

574

1 comment

  • Дүйсенбі, 24 Тамыз 2015 14:42 Әсет

    Нұрғиса сөз жоқ дара біртуар тұлға! Нұрағаң өзі туған халқын шын жүректен сүйді. Ал Дариға ханым сол халықтың бір түйірі ғана..Әлі талай дарын дүниеге келсе де Нұрғиса екі тумайды деп ойлаймын...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз