+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



СЫЙЛЫ БОЛ ӘР КЕЗ ЖАРЫҢА ҚАЛҚАМ...!


«Дәм тартып жатқа, кеттің бе, қалқам

Жар болар жасқа, жеттің бе қалқам

Қиналған жерде, сыр берме қалқам

Сыналған жерде, сүрінбе қалқам»,- деп композитор Қайрат Жүнісовқарындасы Гүлзат тұрмысқа шығып жатқан кезде шығарған әні мен сөзін ел жылы қабылдап,тез тарады. Ұзату тойлары «Қарындассыз» қызды жөнелтпейтіндей дәрежеде дәстүрге айналған еді. «Тамшыларымен» таныла басталған осы ән Қыдірәлі Болмановтың оң жамбасына келіп, үлкен сахнадан 1990 жылдары елде әжептәуір хитке айналды. Өнерде шекара болмайды ғой, қалықтап ұшқан ән Қытайдағы, Моңғолиядағы қандастарымызға да жетіп, талай ана мен әке ұясынан ұшқан қызын, ағасы қарындасын қимай, көз-жасына ерік берді.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

644

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз