+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КИІЗ ҮЙ ПӘЛСАПАСЫ


Бұрын мән бермей келіппін. Әуелбек Қоңыратбаев, Ақселеу  Сейдімбек, Серікбол Қоңдыбай сынды  ғалымдардың ғылыми зерттеулерін оқып шыққасын барып, бабалар пәлсапасына бойлай бастадым. Табиғаттың тылсымына сенген бабаларымыз шаңырақты күн,  уығын шапақ етіп киіз үйге орынды қиюластырған. Төрткүл әлемнің бағыты- батыс пен шығыс, оңтүстік пен солтүстікті шаңырақтағы бір-біріне қарсы қабыстырылған белдемше ағаштармен білдірген. Бағзы заманда өмір сүрген бабаларымыздың сағаты да киіз үй болды. Сүт пісірім, ет асым, ат шаптырым уақыттары әрбір уықтағы күн көлеңкесінің жылжуымен есептелген.  Мәселен, сүт пісірім уақыт - 30 минутқа 4 уықтан көлеңке жылжиды. Ет асым уақыт – 2 сағаттың да әрбір уықта  өз арифметикалық есебі бар. Ағаш үйге ілінетін жел бау – желдің бағытын байқатып тұратын «метрологиялық құрал» болған.  Негізі, ағаш үйдің дөңгелене салынуы жылу мен  жарық саулесінің теңдей таралуына  сай жасалған. Айналу әрекеті  ғаламдық процесс. Жер күнді айналады. Инженерияның барлық тетігі айналудан тұрады. Бұрғы айналады. Дөңгелек айналады. Сосын, сосын......қазақ баласын «айналады».  Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармаларында «айналуға»түсінік берілген. Балаларға «Айналайын»дейтін себебі, жын-перілерден сені қорғап сыртыңнан айнала жүгірейін» деген мағына. Жаздыгүні  жапанда қонған адам жан-жағын дөңгеленте сызып ұйықтаса, қауіп болмайды деген пайым да жайдан жай айтылмаған. Осы тұрғыда айта кететін тағы бір жәйт, құбырлардың  тек дөңгелек етіп жасалатыны, қысым теңдей бөлінеді екен. Мұнай болмаса газ төрт бұрышты,не үшбұрыш құбырмен жіберілсе трубаның ең осал тұсы жарылып кетеді. Жарықтың сыртындағы прожекторы да дөңгелек болады.Жарық  тең тарайды.  Керемет. Бұдан кейін  көшпенділерде  мәдениет болмаған деп кім айтады?!      

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

529

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз