+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ЕСЕЙІП КЕТСЕМ ДЕ МЕН САҒАН СӘБИМІН...»


 

1959 жылдың 4 қыркүйегіде айықпас дертпен төсек тартып жатқан Сақыпжамал Алматыдан баласы Шәмшіні  шақырытып алған. «Бұл өмірден жас кеттім демеймін! Жазмыш маған келіннің қызығын көруді, немере сүюді жазбады. Тағдыр солай. Жалғыз тілеуім – сен аман бол»,-деп көзіне жаса алған екен деседі. Шәмші анасынан бұл дүниеде шын айрылғалы тұрғанын біліп, анасының кеудесіне басын төсеп, өксіп жылап жіберген.- Апа, қарыздармын саған.... Қарыздармын, апа!... Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын, - деген екен Шәмші.Алайда,  әйгілі сазгерге анасының бейітіне дер уақытында топырақ салу бұйырмады. Анасы өмірден өткесін арада біршама уақыт өтеді. Алматыда жағдайы жоқ, тұрмысы түзелмей, еңсесі түсіп жүрген Шәмшіге көшеде кездесіп қалған егделеу ауылдасы, анасына көңіл айтқан екен. Шәмші анасының қайтыс болып кеткенін әлгі кісіден алғаш естіп, орнында сілелеп тұрып қалыпты. Жылға жақын Шәкең суыт хабарды білмеген. «Қашан,не дейді?» деп сұрайын десе, әлгі кісіге ерсі көрінетін білген композитор  ернін тістелеп тұрыпты. Көңіл айтқанда басын изеген болып, ишара жасапты да үйіне жеткенше егіліп барған. Сөйтіп, «Ана туралы жыр» әні де жарыққа шықты.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1453

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз