+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘДЕМІ ҚЫЗ


«Әдемі қыз» әнін естіген сайын есіме еріксіз группаласым Ләззат Сапартаева түседі. Дауысы қандай?! Томпиған ғана, ауылдың бадырақ көз сары қызы. Бірінші курста оқып жүргенде шығармашылық кештерде домбырамен әлгі әнді айтқанда аудиторияда шыбынның дауысы естілмейтін. Жұрттың бәрі әнге елтиді. Қалықтаған дауысы керемет. Қызылордадағы  Қорқыт ата университетінің ректоры Бақберген Досмамбетов ағамыз Ләззатқа «Әдемі қыз» әнін жиі айтқызатын. Кейін университет бітіргеннен кейін де Бақберген аға Ләззатқа ағалық қамқорлығын жасады. Ректор қала әкімі болып қызмет жасағанда Ләззат қалалық мәдениет бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Кейін Ләззат тұрмысқа шығып кеткеннен кейін, көпшілік алдында ән айтуды мүлде доғарды. Отбасылы болғаннан кейін, өнерден қол үзгені қандай өкінішті?!  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

455

1 comment

  • Сенбі, 22 Тамыз 2015 00:41 Ләззат

    Сәлем, Нұреке. Қал-жағдайың қалай?
    Тым асыра мақтап жіберген екенсің, қысылыңқырап отырмын. Ойлап отырсам, өнердің киесін, әннің құдіретін сонау бозбала күніңде-ақ ұғып, бағалаған екенсің ғой. Мені сүйреп радиохабар дайындағаның есіңде ме?
    Осы Facebook, VK дегендерге қызығып кірмейді екенмін, шынында 1-2 рет тіркеле алмаған соң қойғанмын (смайликтердің жоғын-ай). Әшірбекова Гүлмира хабарласып: Нұрланның өзің туралы жазғанын оқыдың ба?- деген соң тауып алдым. Біраз нәрсе еске түсіп, 15-20 жыл кейін барып келдім... Көп рахмет.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз