+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"АРАҚ ІШЕДІ, ГУЛЯЕТ..."


Күләш Байсейітованың өліміне себепкер болған «домалақ» арызды 6 адам жазған. Араларында Опера театрында қызмет жасаған 4 КСРО халық әртісі бар. Есімдерін тізімдеуге тіл бармайды. Жалақорлар «ол арақ ішеді, гуляет» деп жала жауып, қызғаныштан Қытайға баратын іссапардан Күләшті  қалдырғаны белгілі. Арызды естіген Күләш «бұлайша жер басып жүргенімше, өлгенім жақсы» депті. Көп ұзаған жоқ. Мәскеуде қонақ үйде жүрек талмасынан көз жұмды. Талантын қадірлемек түгіл таптап өтуге дайын не деген ұлтпыз сонда?!

 

Ариялар мен опералық қойылымдарда  Қыз Жібек, Қадиша, Ақжүніс пен Саралардың бейнелерін сомдаған Күләш өнерде жарқ етті де, қызғаныштың құрбаны болды. Осындай қасіретті тағдыры бар адамға есімі ендеп берілген Астанадағы театрдан атын елеусіз  алып тастағаны да өкінішті!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

2008

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз